RU
Бүгін Ақтөбеде Ұлттық бірыңғай тестілеу өтпейді

Бүгін Ақтөбеде Ұлттық бірыңғай тестілеу өтпейді

Рассказать Вконтакте

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ақтөбе қаласындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу пунктінде тестілеуді 2016 жылғы 6 маусымнан 7 маусымға ауыстыру жөнінде шешім қабылдады.

Бұл туралы министрліктің ресми сайтында хабарланды.

Аталған ауыстыру тек қана Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіндегі №835 тестілеу пунктіне және С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінегі №715 тестілеу пунктіне ғана қатысты.

Басқа тестілеу пункттерінде ҰБТ тапсыру өзгеріссіз бұрынғы режимде өткізіледі.

Еске сала кетейік, кеше Ақтөбе орталығында қаруланған топ әскери бөлім мен қару-жарақ сататын дүкенге шабуыл жасап, алты адам қаза тапты. Оның екеуі - құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Осыдан соң, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тұрғындарды өте сақ болуға шақырып, антитеррорлық операциялардың жалғасып жатқанын жеткізді.

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі  Ақтөбеде болған оқиғаға радикалды діни бағыттағы топтардың қатысы бар  екенін растады.

Бүгінде Ақтөбе қаласы мен облысы аумағында интернет желілері өшіріліп, барлық дүкендер жабылды деп хабарлады аймақтағы NUR.KZ тілшісі. Қалада көлік азайып, әскерилер мен тікұшақтар көбейген.

Тағы да оқыңыздар:

Тоқаев: Қасиетті Оразаның алдында болған атыс - шектен шыққан арсыздық

Ақтөбеде шабуыл жасаған үш адам өлтіріліп, бірі жараланды

Ақтөбедегі атыс кезінде құқық қорғау органдарының екі қызметкері қаза тапты

Ақтөбедегі атыста алты адам қаза тапты (фото, видео)

ІІМ Ақтөбедегі атыс туралы хабарды растады

Бердібек Сапарбаев қала тұрғындарын өте сақ болуға шақырды

Шетелдік БАҚ Ақтөбедегі атыс туралы не жазды?

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel