RU
Қазақстандықтар Илья Ильиннің допинг қолданғанына сенбей отыр

Қазақстандықтар Илья Ильиннің допинг қолданғанына сенбей отыр

Рассказать Вконтакте

Итальяндық OAsport.it сайты екі дүркін Олимпиада және төрт мәрте Әлем чемпиоаны Илья Ильиннің қанынан допинг табылды деген мәлімдеме таратты. Осы ақпаратқа қатысты нақты ресми мәлімет жоқ.

Алайда итальяндық журналистер оны азиялық бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұған дейін қытайлық China Post газеті қазақстандық зілтемірші Зульфия Чиншанлоның Лондон Олимпиадасында допинг пайдаланып, алтын медалінен айырылытыны жайында хабарлаған болатын. Қытайлық басылымның хабарлауынша, Халықаралық Олимпиада комитеті Лондон Олимпиадасында жеңімпаз атанған спортшылардың допинг-тестерін тағы бір мәрте тексеріп шықты. Тексеріс кезінде оң нәтиже берген жүлдегерлердің бірі – Зульфия Чиншанло. Одан бөлек, тағы үш спортшы бар.

Енді, итальяндық OAsport.it спорт сайты Илья Ильиннің де допинг-тесті оң нәтиже берді деп отыр. Аталған сайт азиялық бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасаса да, нақты дерек көзін көрсетіп жатқан жоқ. Итальяндық журналистер Ильин мен Чиншанлоның соңғы Олимпиада алтындарынан айырылып, Рио-де-Жанейро Олимпиадасынан шеттетілуі мүмкін деп жазды.

Соған қарамастан, Халықаралық Олимпиада комитеті мен Қазақстанның құзіретті органдары тарапынан ешқандай ресми ақпарат түскен жоқ. Қазақстандық жанкүйерлер де Ильиннің допингпен ұсталғанына сенбей отыр.

«Ресми ақпарат жоқ болса, оны Қытай қалай жариялап отыр? Бұл таза провокация емес пе?», - дейді Еркін Жақанов.

«Лондон Олимпиадасы өткелі бері 4 жыл болды. Осы уақытқа дейін спортшылар барлық іріктеу турнирлерінен өтіп, Рио Олимпиадасына жолдама алды. Ал дәл қазір оларды тексеруге қандай негіз бар? Бұл тексерісті бір жыл бұрын, я екі жыл бұрын жасауға болмай ма? Ондай комитет кімге керек? Біз ол ақпаратқа сенбейміз!», - дейді тағы бір жанкүйер Марат Қалиев.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel