RU

Ресей полигон ретінде пайдаланып келген 1,7 млн гектар жерді Қазақстанға қайтаратын болды

Ресей бұған дейін қорғаныс министрлігінің сынақ полигондары ретінде пайдаланылып келген 1,7 млн гектар жерді Қазақстанға қайтарады.

Бұл туралы Қазақстан мен Ресей қорғаныс министрлерінің кездесуінде белгілі болды деп хабарлайды Qamshy.kz.

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу аренда аумағынан қолданылмайтын аумақтардың шығарылып, Қазақстан тарапына өтетінін айтқан.

«Біз Қазақстанның өтініштерін ескердік. Басты нәтиже ретінде республика аумағында Ресей қорғаныс министрлігі сынақ полигондары үшін жерді жалға алу және пайдалану туралы келісім хаттамаларының күшіне енуін айтуға болады. Біз Қазақстан жаққа қадам жасап, 1,7 млн гектар жер учаскесін арендадан шығардық», - деп атап өтті Сергей Шойгу кездесу барысында.

Бұдан бөлек Ресей Ембі сынақ алаңын да қайтаруға қарсы емес көрінеді.

«Осы жұмыстың жалғасы ретінде Ембі полигоны бойынша хаттама дайындауға келістік. Осылайша Қазақстанның халық шаруашылығына тағы 300 мың гектардан астам жер қайтарылатын болады», - дейді Ресей қорғаныс министрі.

Ресми БАҚ Сергей Шойгу мен Иманғали Тасмағамбетов кездесуінде бұдан басқа өңірлік қауіпсіздік, қорғаныс саласындағы біріккен жобалар жайы сөз болғанын жазуда.

Тағы оқыңыз:

Қазақстанда 9 маусым ұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Назарбаев: Қолына қару алып, кісі өлтірген адам өлім жазасына кесілуі қажет

ҰБТ-дан 125 балл жинаған павлодарлық түлек үш жыл бойы әлеуметтік желіні пайдаланбаған

Ақтөбе іргесіндегі ауылда лаңкестікке қатысы бар күдіктілердің бірі іздестіріліп жатыр

ҰҚК Ақтөбедегі балалар лагеріне оқ атылды деген ақпараттың таралуын түсіндірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1154236-resey-poligon-retinde-paydalanyp-kel.html