Выйти
RU

Ақтөбеде шабуыл құрбандарын еске алып жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде бүгін 5 маусымда қарулы топ шабуылынан мерт болған бейбіт тұрғындар мен әскерилерді аза тұтып, еске алып жатыр.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, қалада мемлекеттік мекемелер алдындағы Қазақстан тулары төмен түсірілген.

Таңертең қаладағы әулие Никольск православ шіркеуінде шабуыл құрбандарына арнап құлшылық жасалынды. Шіркеу өкілі иеромонах Нектарий "Құдайға құлшылық қылып, аруақтарына дұға бағыштадық. Бүгін - Пасхадан кейінгі қырқыншы күн. Бұл күні Иса мәсіх көкке көтеріліп, жерде бейбітшілік болсын деп дұға қылған. Сондықтан біз бейбітшілікті қолдаймыз, енді мұндай шабуыл болмасын" деді. Ол шабуылды "сатанизм" деп атады.

"Нұрғасыр" мешітінде бесін намазынан соң құрбандарға арнап құран бағышталмақ.

5 маусымда Ақтөбеде белгісіз адамдар екі қару-жарақ дүкенін тонап, әскери бөлімге шабуылдаған. Ресми мәлімет бойынша, шабуыл мен атыстан барлығы 21 адам мерт болды. Олардың 13-і - шабуыл жасады деген күдіктілер, 8-і - бейбіт тұрғын. Қазақстан билігі шабуыл жасағандар "радикалдық діни топ жақтастары болуы мүмкін" деген болжам айтады. Бұған дейін Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті жеті күдіктіге іздеу жариялаған.

Кеше Қазақстанда 9 маусым - шабуылдардан қаза тапқандарды аза тұту күні деп жарияланған.

Ақтөбедегі ірі лаңкестік оқиға бойынша барлық жаңалықтарды мына жерден таба аласыздар

Тағы оқыңыз:

Ақтөбеде жүргізуші лаңкестердің автобустың қалай басып алғанын айтып берді

Ақтөбедегі теракт кезінде қаза тапқан күзет қызметкері «үйленемін» деп дайындалып жүрген

БАҚ: Илья Ильин Лондон және Бейжің Олимпиадасында жеңіп алған алтын медальдарынан айырылуы мүмкін

Ақтөбеде өлтірілген лаңкестердің денесі туыстарына берілмейтін болды

Ақтөбедегі лаңкестер әйелдер хиджабын киіп қашып жүруі мүмкін

Депутаттар Ақтөбедегі терактіні ұмытып, отырысты туған күн тойлаудан бастады

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбеде шабуыл құрбандарын еске алып жатыр