Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Алтын адамды» тапқан арxеолог өмірден озды

Опубликовано:

Алматы облысының «Есік» қорық-музейінің қызметкері, археолог, атақты «Алтын адам» жауынгерін тапқан Бекмұханбет Нұрмұханбетұлы 81 жасына қараған шағында дүниеден өтті.

Бұл туралы Қазақстан музейлерінің Kazmuseum.kz ресми сайты xабарлауда.

«Алматы облысының «Есік» қорық-музейінің қызметкері, археолог, ел арасында «Алтын адам» атанып кеткен Бекмұханбет Нұрмұханбетұлы ақсақал 81 жасында дүниеден өтті. Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Бекен атамыздың жарқын бейнесі мəңгі есімізде қалады!» - делінген xабарламада.

Бекмұханбет Нұрмұханбетов 1935 жылы Алматы облысы Ақсу ауданы Еңбек ауылында туған. Жетісу жерінен табылып, бүкіл әлемге Қазақ елінің тарихи төлқұжаты болып танылған, көне сақ мәдениетінің баға жетпес асыл қазынасы - «Алтын адам» жәдігері адамзат тарихын алтын зермен бедерлегені ақиқат. 1969 жылы археология ғылымына өзіндік із қалдырған көрнекті ғалым К.Ақышев бастаған зерттеу тобы әлемге «Алтын адам» атауымен мағлұм болған сақ жауынгерінің обасын тапты.

Өзге мәдениет өкілдері тас қашап, тері жамылып жүргенде сақтардың озық технологияны меңгеріп, күні бүгінге дейін қорыту тәсілі беймәлім боп отырған алтын бұйымдарға ие болғаны анықталған болатын.

Тағы оқыңыз:

Ақтөбеде өлтірілген лаңкестер құпия түрде жерленетін болды

Бердібек Сапарбаев Ақтөбедегі діни ұйымдарды қатаң бақылауға алуды тапсырды

Ақтөбеде мұсылмандарды сақалын алып тастауға шақырды

Ақтөбеде іздеуде жүрген ең соңғы террорист ұсталды

ҰҚК Ақтөбе халқының қауіпсіздігі қатаң бақылауда екенін мәлімдеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1157841-altyn-adamdy-tapqan-arxeolog-omirde/

pixel