RU

Баян Есентаеваның күйеуі кісі өлтіруге оқталды деп айыпталуда

Өзінің жары Баян Есентаеваға пышақ жарақатын салған Бақытбек Есентаевқа "кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша айып тағылды.

Бұл туралы Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

"Қазіргі уақытта күдіктіге Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі 24-бабының 3-бөлігі бойынша, яғни "Өлтіруге оқталу" бабы бойынша айып тағылды. Осы дерек бойынша тергеу ІІД Тергеу басқармасының бақылауында", - деп хабарлады ІІД-нен.

Сотқа дейінгі тергеу Талғар аудандық ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінің қызметкерлерінің өндірісінде.

Естеріңізге сала кетсек, 10 маусым күні соққыға жығылған танымал продюсер Талғар аудандық ауруханасына жеткізілген. Болжам бойынша, Баян Есентаеваны күйеуі кеуде тұсынан пышақтаған. Оқиға куәгерлері дереу жедел-жәрдем шақырып, қансыраған танымал тележүргізушіге алғашқы көмек көрсетіліп, кейін оған жедел түрде ота жасалған.

Алматы облысының полиция қызметкерлері Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128-бабына сәйкес күдікті ретінде оның жары Бақытбек Есентаевты ұстады.

Тағы оқыңыз:

Ақтөбе тұрғыны өлтірілген лаңкестердің тізімінен өзін тауып алды (видео)

Танымал адамдар Баян Есентаеваға қолдау көрсетіп жатыр

Баян Есентаеваның сіңлісі қазақстандықтарға үндеу жолдады

«Алтын адамды» тапқан арxеолог өмірден озды

Дәрігер Баян Есентаеваның қазіргі жағдайын айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1158248-bayan-esentaevanynh-kuyeui-kisi-oltiru.html