Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Баян Есентаеваның күйеуі әйеліне қызғаныштан қол жұмсаған

Опубликовано:

Өткен жұмада күйеуі соққыға жығып, ауруханаға түскен Баян Есентаеваға қатысты тағы бір мәлімет пайда болды. NewTimes.kz жазуынша, Бақытбек Есентаевтың қол жұмсауына қызғаныш себеп болуы мүмкін.

WhatsApp арқылы таралып кеткен құжатта Есентаевтар отбасындағы кикілжің туралы біраз ақпарат берілген.

"Соталды тергеу кезінде Баян және Бақытбек Есентаевтардың арасындағы жанжал отбасылық мәселелерге қатысты болғаны анықталды. Баян Есентаеваның ата-анасының айтуынша, оның күйеуі әйелін қызғанып, оның опасыздық жасауы мүмкін екеніне көз жеткізген. Осыған орай, Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болып шешіп, "Лашын" тобына бейнебаян түсіру үшін Грузияға ұшып кетеді", - делінген құжатта.

Құжатта көрсетілгендей, Баян Есентаева Грузиядан емес, Түркиядан ұшып келген.

"Ол  (Бақытбек Есентаев - NT) 6 маусым күні Алматы әуежайынан әйелін күткен. Алайда, ол сол күнгі рейстен түспеген. 10 маусым күні қатты мас күйінде ол әйелін әуежайдан немере інісімен бірге күтіп алады", -  делінген құжатта.

"Әйелін өзіне опасыздық жасады деп айыптаған Бақытбек Есентаев оны Байбұлақ ауылында тұратын Баянның ата-анасына апармақ болған. Алайда, жол бойында оған күш көрсетіп, пышақ жұмсаған", - деп жазылған құжатта.

Еске сала кетейік, 10 маусым сағат 12.05 шамасында Баян Есентаева қансыраған күйінде Талғар аудандық ауруханасына жеткізілген болатын. Дәрігерлер оның бас сүйегінен жарақат алып, ішінен пышақталғанын анықтады. Оған жедел ота жасалды.

Бұған дейін мәлім болғандай, Құлжа тас жолы бойында ерлі-зайыпты арасында жанжал болған.

Тағы да оқыңыздар:

Бақытбек Есентаев әуежайдан әйелін күтіп алуға пышақпен барған

Әйелін өлімші етіп сабаған Баян Есентаеваның күйеуі 7 жылға сотталуы мүмкін

Баян Есентаеваның ауруханадағы суретін таратып жіберген адам іздестіріліп жатыр

Баян Есентаеваның күйеуі кісі өлтіруге оқталды деп айыпталуда

Баян Есентаеваның сіңілсі қазақстандықтарға үндеу жолдады

Дәрігер Баян Есентаеваның қазіргі жағдайын айтып берді

Баян Есентаеваның күйеуі туралы не білеміз? (видео)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1158899-baq-bayan-esentaevanynh-kuyeui-ayeline/

pixel