Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ораза ұстағанда нені білген жөн?

Опубликовано:

Тұрақты түрде ораза ұстап жүрген тұрғын өз блогында оразаны ұстауда нені білу керектігін тізбектеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Yvision.kz блог тұғырнамасында gelberdeuet деген лақап атпен блог ашқан тұрғын ораза ұстаушыларға келесі кеңес береді:

1. Көбірек ұйықтаңыздар. Ұйқы адамға су мен тағамнан әлдеқайда көбірек керек. Намаз оқығаннан кейін ертерек ұйқыға жатқан абзал. Компьютер, планшет, соткаға тесіліп, отыра бермеңіз;

2. Ауыз ашқаннан кейін көбірек су ішіңіздер;

3. Ауыз ашқаннан кейін харам емес кез-келген сүйікті тағамыңызды жеңіз. Көбірек тәтті жеуге болады;

4. Кешкі намаздан кеш қалмаңыз. Уақытылы су ішіп, құрма жеп, аузыңызды ашыңыз. Кейін тағам жеуге кірісіңіз;

5. Ауыз жабарда көбірек су ішкен абзал. Шөлдетпейтін күріш, балық секілді тағам жеуге тырысыңыз;

6. Мүмкіндік болса, көбірек салқын душ қабылдаңыз. Бұл шөлді жеңілдеттіруге көмектеседі;

7. Жағажайға барып, шомылуға болады. Біреуі шомылуға болмайды деуі мүмкін. Алайда шомылу оразаны бұзбайды. Ең бастысы абайсызда су жұтып қоймасаңыз болды. Су адамның терісімен ағзаға түсетіндіктен, ораза бұзылады деп санау да қате;

8. Түкірік. Ең көп қойылатын сұрақ - "түкірікті жұту оразаны бұза ма?". Әдейі түкірік жинап, шөл қандыру үшін жұтатын болсаңыз ғана бұзылады. Ал күнделікті еріксіз жұтылып жатқан түкірік оразаны бұзбайды;

9. Ораза кезінде намаз оқу міндетті ме? Ең алдымен намаз оқу әр мұсылманға өздігінен міндетті болып табылатынын ұмытпаған жөн. Күнделікті бес уақыт намаз оқуды әлі бастамаған болсаңыз, неге оны қасиетті Рамазан айында бастамасқа?

Себебі, ораза ашығу ғана емес, жаман әдеттерден арылып, Аллаға құлшылық ету дегенді білдіреді;

10. Және ең соңғысы, егер сіз ораза ұстап бастаған болсаңыз, жарты жолда тастаушы болмаңыз. Үш күннен ұстауға болады дегендерге сенбеңіз. Оразаны толық ұстау керек. Егер сырқаттанып, ашуыңызға тура келген болса, онда ол күндерді кейін де өтеуге болады.

Тағы оқыңыз:

Жансақтау бөлімінде жатқан Баян Есентаева тілге келді

Террористер ойран салған Ақтөбе қалыпты өміріне орала бастады

Атышулы "ЭКСПО-2017" көрмесінің билеттері тұрғындарға жеңілдікпен сатылатын болды

Баян Есентаеваның күйеуі өз кінәсін мойындады

Орландодағы оқиға: 50 гейді атып тастаған кім?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1159267-orazany-ustauda-neni-bilgen-zhon/

pixel