RU
Үкiмет ендi соңғы шешiм қабылдамас бұрын халықпен ақылдасатын болды

Үкiмет ендi соңғы шешiм қабылдамас бұрын халықпен ақылдасатын болды

Рассказать Вконтакте

Үкiмет ендi соңғы шешiм қабылдамас бұрын халықпен, депутаттармен ақылдасып, кеңесетiн болады. Министрлер кабинетi жасап жатқан жұмыстарын халыққа толыққанды жеткiзуде болған олқылықтардың орнын толтырмақ.

Бұл туралы парламент палаталарының бiрлескен отырысында Қазақстан премьер-министрi Кәрiм Мәсiмов айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

«Бiз үнемi Парламентпен кеңесетiн боламыз. Мемлекет басшысы айтқандай, бiз соңғы шешiм қабылдағанға дейiн халықпен ақылдасуымыз қажет. Қазiр осындай рәсiм басталып кеттi. Президент тарапынан әдiл сын айтылды. Үкiмет, министрлiктер, тиiстi органдар не iстеп жатқандарын халыққа дұрыс жеткiзбейдi, депутаттармен қажеттi деңгейде талқыламайды дедi Мемлекет басшысы. Бiз бұдан сабақ алдық. Қазiр ендi әрiптестерiмiзбен бiрге жасап жатқан жұмысымызды белсендi жеткiзетiн боламыз», - дедi Премьер-министр.

Айта кетейiк, Астанада парламент палаталарының бiрлескен отырысы өтiп жатыр. Отырыста депутаттар Үкiмет пен республикалық бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi есеп комитетiнiң 2015 жылғы республикалық бюджеттiң орындалуы туралы есептерiн қабылдайды.

Тағы оқыңыздар:

АҚШ-та тұратын қазақ қызы Mrs.Asia Hollywood Queen-2016 байқауында бас бәйгені жеңіп алды (фото)

Салафизм ағымының "байсалды" түрін ұстанатындарды қалай ажыратуға болады?

Сарапшылар қазақстандық ауыр атлеттерді үлкен саясаттың құрбаны деп атады

Талдықорғанда полицей мас ер адамнан әйелді қорғаймын деп көз жұмды

Үкімет 8 миллиардқа жуық теңгені тағы игере алмаған

Сіздің реакцияңыз
5
18
3
1
0
34
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel