RU
Допинг дауы: Елiмiздегi зертханада спортшылардың сынамасы мұқият зерттелiп жатыр

Допинг дауы: Елiмiздегi зертханада спортшылардың сынамасы мұқият зерттелiп жатыр

Рассказать Вконтакте

Қазiргi уақытта елiмiздегi допингке қарсы зертхананың мамандары спортшылардың сынамасынан табылған препараттардың деңгейiн мұқият зерттеп жатыр. Бұл туралы журналистерге Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы жеткiздi, деп хабарлайды BNews.kz.

«Бекiтiлген халықаралық құқықтық нормалар, бар оларды бiз сақтауға мiндеттiмiз. Спортшылардың сынамасын ашу кезiнде Ұлттық олимпиада комитетiнiң өкiлi де болды. Қазiр бiздiң допингке қарсы зертхананың мамандары сынамадан табылған препараттардың деңгейiн мұқият зерттеп жатыр», - дедi Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Оның айтуынша, 27 маусымда Халықаралық олимпиада комитетi тәртiптiк комиссиясының отырысы өтедi. Оған Қазақстанның ұлттық олимпиада комитетi, ауыр атлетика федерациясының өкiлдерi, сондай-ақ спортшылар немесе олардың өкiлдерi қатысады.

«Тек осыдан кейiн ғана бiз әрбiр спортшы бойынша нақты жауап бере аламыз. Қазiргi уақытта барлық спортшылар – Ильин, Подобедова, Манеза, Чиншанло Рио Олимпиадасына белсендi дайындалып жатыр. Бiз өз тарапымыздан олардың Олимпиадаға белсендi қатысуына барлық жағдай жасап жатырмыз. Бүгiнде олар жарыстардан уақытша шеттетiлдi. Ешкiм олардың спорттық қызметiн шектей алмайды», - дедi ол.

Министр спортшыларды бүкiл Қазақстанның қолдап жатқаны аса қуантты дейдi.

«Бұл мемлекетіміздің нағыз патриоттар елі екенiн тағы бiр мәрте көрсеттi. Бiз қазiр заңгерлер, мамандармен бірлесіп, бар күшімізді осы жұмысқа салып жатырмыз», - дедi Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Қазiргi уақытта бiздiң спортшылар Рио Олимпиадасына 98 лицензия ұтып алған. 25 маусымға дейiн тағы 7-10 лицензия алу көзделген.

Еске сала кетейiк, Лондонда өткен 2012 жылғы Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан чемпион атанған қазақстандық спортшылардың допинг-тесті қайта тексеріліп, ол оң нәтиже көрсетті. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының мәліметінше, (IWF) 2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындары үшін алынған сынамаларға сәйкес, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украинаның он спортшысының допинг-тесті оң нәтиже көрсеткен.

Жарыстан шеттетілген спортшылардың қатарында қазақстандық төрт спортшы – Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Светлана Подобедова және Майя Манеза бар.

Қосымша жасалған сынама төрт спортшыда да – станозол, ал Ильинде бұған қоса дегидрохлорометилтестостерон және Чиншанлода оксандролон барын анықтап отыр.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда нөсер жауын салдарынан көшелерді су басты (фото, видео)

Ақтөбеде сақалды жігітті телефон сатып жүргені үшін террористер қатарына қосқан

ОҚО-ның бас агрономы аймақта шегірткенің қаптап кетуіне ІІ Николай патшаны кінәлады

Мәсiмов 10 сотық жерді қазақстандықтарға бөлуге қатысты ойын айтты

Үкiмет ендi соңғы шешiм қабылдамас бұрын халықпен ақылдасатын болды

Америка түрмесінде жазасын өтеп шыққан Азамат Тәжаяқов елге оралды (фото)

Сіздің реакцияңыз
8
28
1
2
0
4
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel