Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттіктер әкімнің велосипед тақымдауын "арзан PR" деп атады

Опубликовано:

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың велосипед мінген суретін әлеуметік желі пайдаланушылары талқылап бітпей жатып, желіде әкімнің велосипед айдап бара жатқан видеоролигі жарияланды.

Бұл туралы skifnews.kz хабарлайды.

"Кездейсоқ" түсірілген бейнематериалдан Ғабидолла Рахматуллаұлын жазбай тануға болады. Ол өзінің "шайтанарбасына" мініп, қала көшелерінің бірімен жүйіткіп барады. Бір қызығы, бейнекамераға түсірген ер азамат әкімді артынан танып қойған секілді.

Бұған дейін Әбдірахымовтың велосипед мінген суретін бұрынғы көмекшісі Данат Жумин Instagram-парақшасында бөліскен еді. Мұны талқылаған жұрттың жартысы әкімді қарапайым деп мақтаса, өзгелері "арзан PR" деп айыптады.

Жалпы, бұдан кейін шымкенттік полицейлердің жұмысы ауырлайтын секілді. Өйткені, қалада жүргізуші куәлігін сатып алып, "Lada Priora" мінген жүгенсіз жүргізушілерден әкімді қорғауға тура келеді.

Тағы да оқыңыздар:

Ақордадағы ірі кадрлық ауыс-түйіс: Әлеуметтік наразылықтың артуының нәтижесі ме?

Екі жылдан бері әлеуметтік желіден алшақтап кеткен Мәсімов қайтадан "онлайн" болды

Азат Перуашев мәжілістегі әлімжеттік туралы айтып, ағынан жарылды

Қарақұрттан шаршаған шымкенттіктерді енді шаян шаға бастады

ОҚО-да 2 жасар бүлдіршін қазан тазалайтын химикатты ішіп қойған

Салтанат Бақаева имиджін өзгертті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1168607-shymkenttikter-akimninh-velospid-taqy/

pixel