RU
Ұлыбританияның Еуропа Одағынан шығуы Қазақстанға қалай әсер етеді?
Жаңалықтар Финансы

Ұлыбританияның Еуропа Одағынан шығуы Қазақстанға қалай әсер етеді?

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританияда 24 маусым күні өткен референдумда елдің Еуропа Одағынан шығуын жақтағандар жеңді. Сарапшылар бұл оқиғаның Қазақстанға экономикалық әсері болар-болмасын сөз етті.

Ұлыбританияның Еуропа Одағынан шығуы Қазақстанға қалай әсер етеді?

Ұлыбританияда Еуропа Одағынан шығуын жақтағандар жеңістеріне қуанып тұр. Лондон, 24 маусым 2016 жыл

Азаттық пікірін сұраған кей сарапшылардың мәлімдеуінше, Қазақстан мен Еуропа Одағы (ЕО) арасындағы экономикалық байланыс мардымсыз, сондықтан Ұлыбританияның ЕО-дан шығуынан («Брекзит» деп те атайды) Қазақстанға экономикалық тұрғыдан келіп-кетер ешқандай зардабы болмайды.

«Таза еуропалық проблема»

Экономист Ораз Жандосов бұл оқиға жайлы ойын «[Зардабы болған күннің өзінде] арифметикалық тұрғыдан ғана болмаса, Қазақстан үшін статистикалық тұрғыдан өлшеуге де тұрмайтын зардабы болады» деп қысқа қайырды.

Оппозициялық жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы жетекшісі Жармахан Тұяқбай да осы пікірді құптайды.

Ұлыбританияның ЕО-дан «ажырауынан» зардап шегетіндей, Қазақстанның ол елмен мықты экономикалық байланысы жоқ.

«Меніңше, Ұлыбританияның ЕО-дан «ажырауынан» зардап шегетіндей, Қазақстанның ол елмен мықты экономикалық байланысы жоқ» , – дейді ол.

Билікшіл коммунистік халықтық партиясының бейресми лидері Владислав Косарев «Брекзитті» капитализм дағдарысының, оның үстіне капитализмнің іргесі қаланған елде байқалған көрінісі, «еңбекшілердің жеңісіне» әрі «капиталдың күйреуіне» балайды.

«Меніңше, біз кірген капиталистік жүйе күйреп жатыр. Сондықтан елге мұндай принциптерді түрлі жолдармен енгізуден тартына тұру керек. Бізге баюдың амалын емес, халықтың қамын ойлайтын мемлекет құруды [ойлану керек]», – дейді Владислав Косарев.

Саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедовтің айтуынша, Қазақстан үшін «Брекзиттің» елерліктей тікелей салдары болмайды. Оның пікірінше, Қазақстан үшін, тіпті әлдебір салдары болса да, жанама түрде ғана әрі жуық арада байқала қоймайды.

«Меніңше, бұл – таза еуропалық проблема. Ұлыбританияның ЕО ішінде немесе сыртында болғаны бізге бәрібір. Ал мына процестің аяғы жаһандық нарықтағы ғаламдық күйзелістерге ұласып кетпей ме деген мәселенің жөні бөлек», – дейді саясаттанушы.

Ұлыбританияның Еуропа Одағынан шығуы Қазақстанға қалай әсер етеді?

ЕО туын ұстап бара жатқан адам. Лондон, 24 маусым 2016 жыл

ЕО мен Қазақстан

«Атамекен» ұлттық палатасына қарасты кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесі төрағасы әрі бұрынғы сенат депутаты Ғани Қасымов «Брекзит» үшін сарыуайымға салынбай, мұның ұтымды тұстарын қарастырып, экономикалық байланыстарды жандандыру мүмкіндігі деп ойлаған жөн екенін алға тартты.

Оның айтуынша, Қазақстанның ЕО елдерімен ынтымақтастығы бұрынғы деңгейде қала береді. Бірақ «Брекзиттің» арқасында Ұлыбританиямен де өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігі туады.

«Ұлыбританиямен байланыс орнататын экономикалық салаларды көбейту қажет, энергетика ғана емес, ауыл шаруашылығы мәселелерімен де айналысу керек. Ағылшындар – мал бағу мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің қыр-сырын жақсы білетін халық. Бұл – жақсы дамыған, инвестициялық потенциалы қуатты ел», – дейді Ғани Қасымов.

Ұлыбританияның Еуропа Одағынан шығуы Қазақстанға қалай әсер етеді?

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон отставкаға кететінін мәлімдеді. Лондон, 24 маусым 2016 жыл

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтпаевтың пайымдауынша, «Брекзит» нәтижесінде ЕО экономикалық тұрғыдан біраз әлсіресе де, саяси және әскери-саяси тұрғыдан әлсірей қоймайды.

«Ұлыбритания мен ЕО сол одақтас күйінде қалды», – дейді Нартай Дүтпаев.

Дүтпаевтың пікірінше, Ұлыбритания мен ЕО-ның сыртқы саясаты да, Қазақстанның байланысы тығыз Ресейге қатысты санкциялары да өзгере қоюы екіталай. Сондықтан оның пікірінше, Қазақстан Еуропа елдерімен экономикалық байланысын осыны ескеріп кеңейтіп әрі нығайта беруі тиіс.

Жуырда Қазақстан президенті Нұрcұлтан Назарбаев Еуразия экономикалық одағы ЕО-ның әріптесіне айналуы тиіс деп мәлімдеген болатын. Қазақстан мен ЕО арасында кей салалар бойынша әріптестік қатынас орнаған.

Тағы оқыңыз:

Шымкентте 50 жастағы ер адам 13 жасар қыз балаға азғындық әрекеттер жасады

Таластың тасуына шенеуніктер қырғыздарды кінәлады

Қарағандыдан кейін күйдіргі дерті Шығыс Қазақстан облысынан шықты

Елімізде шенеуніктерге тым қымбат киім киюге тыйым салынбақ

Ертіс ернеуінен асып, Өскеменді топан су басты

Қазақстан Орта Азиядағы ең бейбітсүйгіш ел болып танылды

Қарағанды облысында "Сібір жарасынан" көз жұмғандарды дәрігерлер бірнеше күн тентіреткен

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
37
2
2
0
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel