RU
Мәсімов Әбдібековке Сібір жарасы өршитін болса, жеке жауапкершілікке тартатынын ескертті

Мәсімов Әбдібековке Сібір жарасы өршитін болса, жеке жауапкершілікке тартатынын ескертті

Рассказать Вконтакте

Премьер-министр Қарағанды облысындағы түйнеме індетінің пайда болуына қатысты жергілікті билікке ескерту жасап, бірқатар тапсырма берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Премьер-министр Кәрім Мәсімов Қарағанды облысына барған жұмыс сапары кезінде аймақтағы эпизоотикалық жағдай бойынша кеңес өткізді.

Орын алған жағдай туралы Бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин, АШМ вице-министрі Гүлмира Исаева, Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков баяндап берді.

«Жағдай көңіл көншітпейді. Жергілікті билік жұмысының кемшілігі», - деді Мәсімов.

Ол Қарағанды облысы әкімінің жеке жауапкершілігі қаралатынын атап өтті.

Жиын соңында Мәсімов бірқатар тапсырма берді. Ауыл шаруашылығы министрлігіне ветеринарлық қызметтердің жұмысының тиімділігін талдап шығу, өкілетті тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру, мал қорымын салу және оны ұстап тру бойынша қосымша шаралар қабылдау тапсырылды.

Премьер-министр Қарағанды облысының әкіміне аталған кеселдің алдын алу мақсатында өңірдегі профилактикалық шараларды қолға алуды, бақылауды күшейтуді жүктеді.

Сонымен қатар, премьер-министр тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары сәйкесінше жүргізілмейтініне назар аударды. Ол жапа шеккен жанұяларға қолдау көрсетуді тапсырды.

Қазіргі таңда төтенше жағдайға байланысты медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша дәрігерлерге қатысты Қылмыстық кодекстің 327 және 317 баптарына сәйкес екі қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды облысының әкімі Шет ауданы Еркіндік ауылындағы карантин сегізінші шілдеде алынуы мүмкін екенін хабарлады.

Тағы да оқыңыздар:

Лондондық біржынысты полицей өзінің "сүйіктісіне" тізе бүгіп ұсыныс жасады

Аяғына екі түрлі шұлық киген Кәрім Мәсімов жұрттың күлкісіне қалды (фото)

27 маусымға арналған жұлдыз-жорамал

Командасының жеңісіне қуанған исландиялық комментатор өңешін жыртып алды (видео)

Березовка тұрғындарына арнап үй салуға БҚО әкімінің өзі кірісті (фото)

Түркияда Ердоғанды мазақтаған блогерді әкелік құқығынан айырды (фото)

Ирандық жігіт "таудай" бұлшық еттерін көрсетіп мақтанды (фото)

Сіздің реакцияңыз
5
24
0
0
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel