RU
Жауапқа тартылмайтынына сенімді қызылордалық полицейлер жол ережелерін қалай өрескел бұзады?

Жауапқа тартылмайтынына сенімді қызылордалық полицейлер жол ережелерін қалай өрескел бұзады?

Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысында қызметін асыра пайдаланып, тәртіп сақшысы бола тұра, өздері тәртіп бұзатын шеңділер аз емес. Өткен аптада кәсіби мерекелерін атап өткен құқық қорғау орган қызметкерлері заңға өздері қаншалықты бағынады?

 

Мемлекеттік нөмірі 261 КР жол –патрульдік полициясы қызметкерінің бас киімсіз жүргенін көруге болады. Ал Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес бас киімсіз жүруге болмайды.

Ал «Мерседес» маркалы, мемлекеттік нөмірі 775 ВМА жеке автокөлігін тізгіндеген полицей жол ережесін тіпті өрескел бұзып тұр.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған тұраққа темір тұлпарын қойып қойған. Егер де қарапайым жүргізуші осындай әрекет жасаған болса, оған 106 050 теңге көлемінде айыппұл салынатын еді. Өзінің шеңін пайдаланған қызметкер жауапқа тартылмайтынына сенімді секілді.

Жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің көліктері міндетті түрде жылына 1 рет техникалық байқаудан өтіп тұруы қажет. Және де бұған батальон командирінің техника жөніндегі орынбасары жауапты. Алайда, рейд кезінде көліктерінің алдыңғы немесе артқы жарық шамдары жанбайтын полицейлерді көрдік. Мәселен, мемлекеттік нөмірі 302 КР көлігі өзіне ешқандай шара қолданылмайтын болғандықтан, емін-еркін жүріп жүргендей әсер қалдырды.

Жақында мектеп түлектерінің қоштасу кеші өтті. Арнайы кортеждерге тыйым салынғанымен, ережеге бағынбаған жастар да болды. Басын көліктен шығарып, қалай болса солай жүрген оларға «әй» дейтін әже я «қой» дейтін қожа болмады. Тіпті тәртіп сақшыларының өздері мұндай келеңсіз жағдайларды көрсе де, еш әрекет жасамады.

Жалпы рейдтік шара барысында тәртіп сақшыларының өздері тәртіп бұзып жатқанын куәгері болдық. Қызыл түске өтіп кеткен шопырларға ешқандай шара қолданбай кеткендерін де көрдік. Жүргізушіні тоқтатып, өзара сөйлескеннен кейін қоя беретін патрульдер де назарымызға ілікті.

Сіздің реакцияңыз
110
38
1
3
0
17
21
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel