RU
Астана билігі үйін жарып жібермек болған тұрғынға небары 2 млн 600 мың теңге бермек болған

Астана билігі үйін жарып жібермек болған тұрғынға небары 2 млн 600 мың теңге бермек болған

Рассказать Вконтакте

Астанада үйінен күштеп шығаруға келген сот орындаушыларына қарсылық танытып, газ баллонын жарып жіберемін деп сес көрсеткен Мейрамовты ауданаралық сотқа шақыртты.

25 маусым күні тұрғынға дүйсенбі күні таңертең сотқа шақырылғаны туралы қағаз әкеліп табыс еткен. Сот орындаушысы Ердәулет Болысбеков сот шешімін орындауға кедергі келтіргені үшін Әділбек Мейрамовқа «әкімшілік шара қолданылатыны» туралы Азаттыққа айтқан.

Сонымен бірге Мейрамовтың үйін электр қуатынан ажыратып тастаған.

Жұма күні Мейрамовтар отбасын Астананың орталығындағы жеке меншік үйінен шығаруға келген сот орындаушылары бес сағаттан астам уақыт бойы талпынғанымен, еш нәтиже шығара алмаған еді.

Үйді ішінен жауып алған отағасы Әділбек Мейрамов егер үйге бөтен адам жақындайтын болса қолындағы газ баллонын жарып жіберетінін ескертіп, баллонға қоса сіріңке, тамызық газет ұстап, баспанасына сот орындаушыларын кіргізбей қойған.

Терезеден басын шығарып тұрған ол «үйде үш жас баласы бар» екенін айтып, қала әкімі Әсет Исекешевпен кездесуді және өзіне төленетін өтемақы мәселесін шешу үшін арнайы комиссия құруды талап еткен болатын.

Бұған дейін сот Мейрамовтар үйін «мемлекет мұқтаждығына керек» деген уәжбен сүруге шешім шығарған. Бұл үйдің орны арқылы кеңейтілген жол түседі деп түсіндірді кеше Азаттыққа «Қалалық жылжымайтын мүлік» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жер телімдерін алуды құқықтық қамтамасыз ету бөлімі бастығы Талғат Базаров.

Әділбек Мейрамовтың сөзінше, сот оған сүрілетін үйіне екі миллион 600 мың теңге «әділетсіз өтемақы» төлеу туралы шешім шығарған.

«Мұндай ақшаға басқа баспана сатып ала алмаймын» дейді наразы тұрғын.

Кеше оқиға болып жатқан жерге келгенімен, наразы жандармен кездеспеген Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин «даулы үй мен жер телімінің меншік иесі ретінде тіркеуде тұрған тоғыз адамның бәріне бұған дейін ақшалай өтемақы төленіп қойған» деп айтты.

Тағы да оқыңыздар:

Лондондық біржынысты полицей өзінің "сүйіктісіне" тізе бүгіп ұсыныс жасады

Аяғына екі түрлі шұлық киген Кәрім Мәсімов жұрттың күлкісіне қалды (фото)

27 маусымға арналған жұлдыз-жорамал

Командасының жеңісіне қуанған исландиялық комментатор өңешін жыртып алды (видео)

Березовка тұрғындарына арнап үй салуға БҚО әкімінің өзі кірісті (фото)

Түркияда Ердоғанды мазақтаған блогерді әкелік құқығынан айырды (фото)

Ирандық жігіт "таудай" бұлшық еттерін көрсетіп мақтанды (фото)

Сіздің реакцияңыз
46
25
4
7
0
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel