Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі жас келіндер күйеуінен "мәхр" сыйлығы үшін пәтер мен құндыз тон сұрайтын болған

Опубликовано:

Исламда күйеу жігіттің жарына ақшалай немесе дүние ретінде берілетін сыйлығын "Мәхр" деп атайды. Шариғат бойынша онсыз неке қиылмайды. Ал оның көлемін тек қалыңдық анықтайды деп хабарлайды 31 арна.

Еліміздің келіншектері бүгінде мәхрге не сұрап жүр? Оның минималды көлемі қанша? Қалыңдық сыйлығын алып бермеген ер күнә арқалай ма?

Астаналық имам Қабылбек Әліпбайұлы мешітте болған бір оқиға өзгелерге сабақ болсын деп баяндап берді. Дін қызметкерінің айтуынша, қалыңдық неке қиюдың алдында болашақ жарынан мәхрге судай жаңа көлік талап еткен. Намысқа тырысқан жігіт, келіншектің бұл тілегін екі етпей орындаған көрінеді. Алайда темір тұлпардың кілтін қолына ұстатып, дүние армандаған қызды жар етіп алмаймын деп, сол күні некесін қидырмай тастап кеткен -дейді.

"Дүниені армандаған қызбен тұрмаймын деген жігіт. Менің ұрпақтарым осы қыз баладан тарқайды ғой, мен өзімнің жарымды іздеп жүрмін. Онсыз да сенде бәрі болатын еді ғой, онсыз да жаяу жүрмейсін ғой -дейді қызға. Бірақ саған дүние керек болып жатса, саған дүниені берем деп жігіт сұраған машинасын алып беріпті, бірақ неке қиған жоқ", - дейді "Нұр Астана" мешітінің наиб имамы Қабылбек Әліпбайұлы.

Бүгінде мәхр көлемінен қыздар жарыс ұйымдастыратынын имамдар да жасырмайды. Бірі көлік, бірі үй, бірі құндыз тон сұрап жатады. Шариғатта мәхрдің шегі жоқ делінсе де, сұраған осы екен деп, күйеуіне шамадан тыс күш салу қыз әдебінің, тәрбиесінің, көрегендігінің бір нышаны дейді имамдар.

Жалпы мәхрдің ең жоғарғы мөлшері белгіленбегенімен, ең төменгі көлемі бар екен. Бүгінге ол 10 дирхамға тең, яғни 45-50 мың теңге көлемінде. Алайда оны міндетті түрде пайдалану шарт емес екен, үйленгеннен кейін мәрхден бас тартуға да болады.

"Егер неке барысында мәхр мүлдем айтылмаса, әйелге стандарт мәхр беріледі. Яғни Алматының маңайында қыздарға қанша мәхр беріліп жатса, сол мөлшерде мәхр беріледі. Кешіктірілгендер бар, белгілі бір мерзімге ұзартылғандар. Ал енді қандай да бір мерзімі көрсетілмей, күйеуі қайтыс болып кеткеннің өзінде әйелге соның дүние мүлкінен алып беріледі бәрібір шариғат бойынша", - дейді ҚМДБ Шариғат және пәтуә бөлімінің маманы Бауыржан Әлиұлы.

Мәхрді әркім өз білгенінше сұрауға құқылы. Алайда сыйлық көлемі мен бағасы ақылға қонымды, отағасының қаржылық мүмкіндігі шегінде болғаны абзал дейді дін мамандары.

Тағы да оқыңыздар:

Стамбулдағы Ататүрік әуежайында жантүршігерлік жарылыс болып, 36 адам қаза тапты (фото)

Қоғам қайраткерлері Білім министрінен қазақ тіліне бөгет жасамауды сұрады

Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Қытай қалашығы" туралы не білеміз?

Алматыда студенттердің ақшасын жымқырған есепшілер жеңіл жазамен құтылып кетті

АҚШ-тағы гей-парадқа Қазақстанның көк байрағын қазақ қызы алып шықты (фото)

Танымал сазгер тойға 120 адамнан артық қонақ шақырмауды сұраған ОҚО прокурорын састырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1175060-elimizdegi-zhas-kelinder-kuyeuinen-ma/

pixel