Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокурор 6 адамды қағып, бір жігіттің өліміне себепкер болған Мақсат Үсеновті ақтап шықты

Опубликовано:

Мақсат Үсеновтің ісінде ешқандай да жемқорлық жайт орын алған жоқ. Бұл туралы «Прокуратураға үздік кадрлар!» деп аталатын дөңгелек үстел барысында Бас прокурор Жақып Асанов мәлім етті деп хабарлайды Қазақпарат.

«Білесіздер ме, Үсеновтің теріс және оң жақтары да бар. Теріс жағы оның істеген ісі. Сол уақытта біз, құқық қорғау органдары халыққа дұрыс түсіндіре алмадық. Сондықтан әлеуметтік желіде адамдар талқылай бастады. Қарапайым түрде ғана түсіндіру керек еді. Үсенов төрт түрлі құқық бұзды. Біріншісі қылмыстық, үшеуі әкімшілік. ҚР-ның қолданыстағы қылмыстық кодексіне сәйкес, егер кінәлі және зардап шегуші тарап татуласса, онда прокурор да, сотта, ешкімде оны жоя алмайтындығын айту қажет еді. Бұл екі тараптың бұған дейінгі құқығы еді. Оны олар пайдаланды. Мұнда ешқандай жемқорлық әрекет жоқ», - деді Бас прокурор.

Осы ретте Жақып Асанов Мақсат Үсеновтің қалған үш әкімшілік құқық бұзушылық бойынша барынша ең жоғарғы жазаға тартылғандығын баса атап өтті.

«Екінші жайт, Үсеновтің феномені неде? Үсеновтен кейін барлығы, оның ішінде парламент те ойланып Заң қабылдады. Егер қылмыс жол көлік апаты барысындағы өлім-жітіммен байланысты болса, онда ешқандай да татуласу болмайды. Сол уақыттан бері мұндай қылмыстық құқық бұзушылық, қылмыста татуласу қолданылмайды», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы тұрғыны Мақсат Үсенов 2013 жылы мас күйінде көлік айдап, 6 адамды қағып кеткен болатын. Одан бір жігіт қаза тапты. Екінші рет Мақсат Үсенов тізгіндеген көлік Тойота көлігімен соқтығысып, 38 жастағы келіншектің денсаулығына зақым келтірген болатын.

Екі жағдайда да Үсенов тараптардың кешірімін алып, әкімшілік жазамен шектелді.

Тағы да оқыңыздар:

Жазғы каникулға шыққан депутаттар шетел асып, теңіз жағасында қыздырынбақ

ОҚО-да қазақша жаза алмайтын баспасөз хатшысы жергілікті журналистерге жақпай қалды

Америкалық жігіт өзінің iPhone-нына үйленіп, шіркеуде некесін қиды

Өз тобында бірде-бір рет жеңбеген Португалия жартылай финалға шықты

Көкшетауда жоғалып кеткен жігіттің денесі бөлшектелген күйінде табылды

АҚШ армиясында 2 жарым мыңнан аса трансгендер қызмет етуде

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1177024-bas-prokuror-6-adamdy-qaghyp-bir-zhigitti/

pixel