RU
Бүгін әлемнің барша мұсылмандары Ораза айтты атап өтіп жатыр

Бүгін әлемнің барша мұсылмандары Ораза айтты атап өтіп жатыр

Рассказать Вконтакте

Бүгін әлемнің барша мұсылмандары Ораза айт мерекесін атап өтуде. Қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіретін Ораза айт мерекесімен Қазақстан халқын бас мүфти Ержан қажы Маямеров құттықтады.

Бас мүфти Ораза айт мерекесіне аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар айтып, мұсылман қауымының ұлық, қастерлі мерекесі – Ораза айт мейрамының басталуымен құттықтады.

"Айт мүбәрак болсын, ағайын! Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт – мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, ізеттіліктің, қайырымдылықтың мерекесі. Бұл мейрам барша халықты ізгілікке ұйытады", - дейді өз құттықтауында ҚМДБ төрағасы.

Бас мүфти еліміздің мұсылман қауымы қасиетті Рамазанда ауыз бекітіп, шарапаты мол айда жасалған ізгі іс-шараларымызға атсалысып, мешіттерімізде ауызашарлар мен қайырымдылық шаралары өткенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына көмек көрсетілді.

"Айт күнінде толық жуынып, жұпар иіс себініп, жамағатпен айт намазына қатысудың сауабы ерекше. Айт намазына барудан бұрын құрмадан дәм тату – пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннет амалы. Ағайын-туысты, көршілер мен өзге ұлт өкілдерін ортақ мерекемен құттықтап, тілеулестік білдіру – игі амал. Ораза айт – отбасылық мереке. Мейрам күні ата-анамызға, балаларға сыйлық үлестіріп, ағайын-көрші, туыс, бауырларды қонаққа шақырып, айрықша көңіл бөлу де – сауапты іс", - дейді Ержан қажы.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда төрт мүгедекті жалғыз өзі асырап отырған жігіт көмекке зәру (фото)

Сапарбаев сексендегі әжейді алдамақ болған саудагерге жекіп тастады (фото)

Түркиядағы ұлын бір көруге зар болған ана жүкті әйелдерге үйде отыруға кеңес берді

Шымкент әкімі қызметтік көлігінен түбегейлі бас тартты (фото)

Астана халқын бірден миллионға жеткізген Исекешов ел алдында өтірікшіге айналды

Сіздің реакцияңыз
2
6
1
1
0
37
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel