RU
Шымкент әкімі қызметтік көлігінен түбегейлі бас тартты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Шымкент әкімі қызметтік көлігінен түбегейлі бас тартты (фото)

Рассказать Вконтакте

Бұған дейін қала басшысының велосипедке мініп, «Shymkent City Bike» жобасының дайындығын тексеріп жүргені жайында ақпарат тараған болатын. Халық арасында оны әкімге жарнама жасаудың бір тәсілі ретінде қабылдағандар болды.

Дегенмен, әкімдік қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, Ғабидолла Әбдірахымов қызметтік көліктен мүлдем бас тартып, күнде жұмысқа велосипедпен келіп жүретін көрінеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Шымкент қаласының әкімі қызметіне тағайындалғанда бірден қызметтік көліктен бас тартып, басында жұмысқа өзінің жеке көлігімен барып жүрген. Бертін келе, ол көліктен де түсіп, толығымен велосипедке ауысты.

Әбдірахымов кызметтік көлікке кететін ақшаны әкімдіктің сыйақы қорына аудару туралы шешім шығарған. Осының арқасында ол қызметкерлердің жұмысқа деген құлшынысын арттыруды көздейді.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда төрт мүгедекті жалғыз өзі асырап отырған жігіт көмекке зәру (фото)

Сапарбаев сексендегі әжейді алдамақ болған саудагерге жекіп тастады (фото)

Түркиядағы ұлын бір көруге зар болған ана жүкті әйелдерге үйде отыруға кеңес берді

Шымкент әкімі қызметтік көлігінен түбегейлі бас тартты (фото)

Бүгін әлемнің барша мұсылмандары Ораза айтты атап өтіп жатыр

Астана халқын бірден миллионға жеткізген Исекешов ел алдында өтірікшіге айналды

Сіздің реакцияңыз
4
13
4
2
0
216
14
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel