RU
Түркиядағы ұлын бір көруге зар болған ана жүкті әйелдерге үйде отыруға кеңес берді
Жаңалықтар Қоғам

Түркиядағы ұлын бір көруге зар болған ана жүкті әйелдерге үйде отыруға кеңес берді

Рассказать Вконтакте

Түркияда босанып қалған қазақстандық Елена Шевчукова Денсаулық сақтау министрлігінен көмек сұрап отыр. Демалыс күндері елге оралған отбасы баланы Түркияда қалдыруға мәжбүр болған.

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

750 грамм болып туған сәби арнайы құрылғыда жатыр. Дәрігерлер оның ширауына екі-үш ай қажет деп отыр. Медициналық қызмет ақысы тәулігіне 1 мың АҚШ долларын құрайды. Оған жас отбасының қалтасы көтермейді. Ал Қазақстанға арнайы ұшақпен жеткізілмесе, бала өміріне қауіпті.

"Ұлымды Анталиядан Қазақстанға әкелу үшін, арнайы ұшақ керек. Ұшақтың іші тиісті қондырғымен жабдықталып, нәрестені бақылап, ем-дом жасайтын дәрігерлері болуы шарт. Сұрап білдік. Бұл өте қымбат процедура екен. Өкінішке орай, мұндай қыруар ақша бізде жоқ. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі бізге қол ұшын берсе деген үміттеміз", - дейді баланың әкесі Владимир Трощенко.

Ерлі-зайыптылардың айтуынша, олардың қайғысына бейжай қарамаған қазақстандықтар есеп-шоттарына ақша аударып жатыр. Бүгінде олар сақтандыру компаниясынан әйелге көрсетілген медициналық қызмет шығынын толық өндіру үшін құжаттарын әзірлеп жатыр.

Бұған дейін фирма жәбірленушілердің шотына 271 мың теңге аударғанын айтқан болатынбыз. Бірақ бұл сома тиісті қаражаттың үштен бір бөлігін ғана құрайды. Әуелде клиника алғашқы жәрдем үшін 2 жарым мың АҚШ валютасын талап еткен. Кейін консулдықтың араласуымен сома 1500 долларға азайған.

"Дәрігерлер бұл жағдайдың «оқыс оқиға» екенін растады. Өйткені менің және баламның өміріне қауіп төнді. Сондықтан сақтандыру компаниясы клиника талап еткен қаржыны толықтай өтеуге міндетті. Шынын айтам, жүрегім Түркияда қалды. Ұлымды көрудің өзі арман болды ғой. 10 минутқа ғана кіргізетін. Менің басыма түскен жағдай барлық аналарға сабақ болсын. Жүктілік кезінде үйде отырған дұрыс", - дейді Елена Шевчукова.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда төрт мүгедекті жалғыз өзі асырап отырған жігіт көмекке зәру (фото)

Сапарбаев сексендегі әжейді алдамақ болған саудагерге жекіп тастады (фото)

Шымкент әкімі қызметтік көлігінен түбегейлі бас тартты (фото)

Бүгін әлемнің барша мұсылмандары Ораза айтты атап өтіп жатыр

Астана халқын бірден миллионға жеткізген Исекешов ел алдында өтірікшіге айналды

Сіздің реакцияңыз
9
15
2
21
0
5
14
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel