RU
Сапарбаев сексендегі әжейді алдамақ болған саудагерге жекіп тастады (фото)

Сапарбаев сексендегі әжейді алдамақ болған саудагерге жекіп тастады (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өткен жексенбіде «Табыс» коммуналдық базар ішін аралап жүргенінде, келеңсіз жағдайдың куәсі болды деп жазады aktobenews.kz.

Бақылау таразысының қасында тұрған сатып алушылардың бірі Бердібек Машбекұлына ет сатушысының өзін бағадан жаңылыстырғанын айтып шағымданды.

Әкім кінәлі сатушыға сол жерде ақ:

"Бұлай халықты алдайтын болсаңыз, сізге сауда жасауға рұқсат берілмейді!", - деп қатаң ескерту жасады.

Ал базарда тұрып, тары мен талқан, құрт сататын 86 жастағы Ханзада әжеге өңір басшысы риза болды. Әжейге қажет өнімді Әйтеке би ауданында тұратын келіндері дайындап, беріп жіберетін көрінеді.

"Бойымда күш қуатым бар кезде осылай жұмыс жасап, оларға көмектескенімнің несі айып", - дейді Ханзада әжей.

Қарт ананың белсенділігіне риза болған облыс басшысы:

"Міне, қит етсе жұмыс жоқ деп шағымданатын жастарымыз үшін үлгі болар жан. Халыққа көрсетіңдер. Осындай адамдар туралы жазу керек", - деді кейуанаға ризашылығын білдірген өңір басшысы журналистерге.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда төрт мүгедекті жалғыз өзі асырап отырған жігіт көмекке зәру (фото)

Түркиядағы ұлын бір көруге зар болған ана жүкті әйелдерге үйде отыруға кеңес берді

Шымкент әкімі қызметтік көлігінен түбегейлі бас тартты (фото)

Бүгін әлемнің барша мұсылмандары Ораза айтты атап өтіп жатыр

Астана халқын бірден миллионға жеткізген Исекешов ел алдында өтірікшіге айналды

Сіздің реакцияңыз
38
26
4
8
0
204
37
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel