RU

"91" тобын көргісі келген фанаттар күзетшілермен төбелесіп қалды (фото)

Бүгінге дейін көпшіліктің сынына ұшыраған Ninety One тобы кезекті клипінің таныстырылымын өткізді. Топтың клипін көруге келген жанкүйерлер алаңға сыймай қалған.

Бұл туралы НТК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Шоу-бизнес өкілдері мен қарапайым халық шашын бояп, сырға тағып, жыртық шалбар киген жігіттерді қанша сынаса да, топтың тыңдармандары күн санап көбейіп келеді. Алматыда "Қайтадан" әніне түсірген бейнебаянның тұсаукесеріне  жиналған халық алаңға сыймай қалды.

Тіптен, концерт соңында "91" тобының берілген фанаттары әншілерді көру үшін ОМОН қызметкерлерімен төбелесуге дейін барды.

Ал топ продюсері Ерболат Беделхан клиптің режиссері өзі болғанын және қарамағындағы жігіттердің той-бизнеске еш қызықпайтынын айтты.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда төрт мүгедекті жалғыз өзі асырап отырған жігіт көмекке зәру (фото)

Сапарбаев сексендегі әжейді алдамақ болған саудагерге жекіп тастады (фото)

Түркиядағы ұлын бір көруге зар болған ана жүкті әйелдерге үйде отыруға кеңес берді

Шымкент әкімі қызметтік көлігінен түбегейлі бас тартты (фото)

Бүгін әлемнің барша мұсылмандары Ораза айтты атап өтіп жатыр

Астана халқын бірден миллионға жеткізген Исекешов ел алдында өтірікшіге айналды

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1180185-91-tobynynh-berilgen-fanattary-kuzetshil.html