RU

Алты тіл білетін қазақ қызы өзінен он жас кіші үнділікке тұрмысқа шықты

Алты тіл білетін қазақ қызы үнділікке тұрмысқа шықты. Бойжеткен өзінен он жас кіші үнділік азаматқа тұрмысқа шықса да, бақытты екенін айтуда. Бұл туралы hindustantimes.com сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

34 жастағы Жанна Шалабаева 24 жастағы Тину Джанграға (Teenu Jangra) екінші маусым күні тұрмысқа шыққан. Ендігі жас жұбайлар виза мәселесін шеше алмай жүрген көрінеді. Себебі, Жаннаның туристік визасы 2016 жылдың бірінші тамызында бітеді.

Жанна сүйіктісін Сауд Арабиясында жолықтырған. Тину ол жерде балқытушы болып қызмет еткен. Ал Жанна білім алып жүрген. Екеуінің арасында махаббат ұшқыны туындап, жастар некесін қиюға бел буады.

29 мамыр күні Жанна Үндістанға келіп, Тинумен Тохана ғибадатханасында некесін қияды. Неке қию рәсімі үнділік жораларға сай өткен.

"Үнділік той өткеннен кейін біз бірінші кезекте визаны ұзарту мәселесін шешуге кірістік", - дейді Жанна.

Жас жұбайлардың визаны ұзартуда қиындықтарға тап болғаны жергілікті басылымның назарына ілігеді. Тоғызыншы шілде күні жария етілген мақаланы елдің Одақ министрі байқап қалған. Ол виза мәселесін таяу арада шешетінін мәлімдеп, өз Твиттер парақшасында жазба қалдырыпты.

Жанна жаңа отбасында бақытты екенін айтуда.

"Мен осында екеніме бақыттымын. Күйеуім мен оның жақындары маған түсіністікпен қарайды. Менің жолым болды", - дейді Жанна.

Ал Тину болса, алты тіл білетін көзі ашық қызға үйленгеніне қуанышты. Ол таяу арада Жанна үнді тілін де үйреніп алады деген үмітте.

"Ол ана тілінен бөлек алты тіл біледі, ағылшын, француз, парсы тілдерін қосқанда. Мен күндердің бір күнінде ол үнді тілін де үйреніп алады деген үміттемін", - дейді Тину.

Тағы да оқыңыздар: 

Қайрат Келімбетовтің ұлы АҚШ-та, қызы Швейцарияда тұратын болып шықты (фото)

Қостанайдың бұрынғы жемқор әкімі мемлекетке 85 млн теңге қарыз болып қалды

Кәрім Мәсімов Петропавлдағы әуежайдың сиқын көріп шошып кетті

12 шілдеге арналған жұлдыз-жорамал

Алдағы бірнеше күнде ел аймақтарында аптап ыстық болады

Ерасыл Әубәкіровтің жантүршігерлік өліміне қатысты тергеу аяқталды

Мұхтар Шаханов: Бізді Жер туралы комиссияның құрамына халықтан қорыққасын кіргізді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1186553-alty-til-biletin-qazaq-qyzy-ozinen-zh.html