RU
Ернар Айдардың анасы болашақ келініне қандай талап қоятынын ескертті

Ернар Айдардың анасы болашақ келініне қандай талап қоятынын ескертті

Рассказать Вконтакте

Әншінің анасы биыл ұлын үйлендіргісі келетінін айтты. Мұнымен қатар, болашақ келініне қойылатын “талаптары” туралы баяндады.

Бұл туралы Stan.kz Астана арнасының “Аналар” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ернар Айдар көпбалалы отбасының кенжесі. Өзінің алдындағы үш ағасы үйленіп, шаңырақ көтерген. Тоғыз немере тәрбиелеп отырған анасы енді Ернар Айдарды үйлендіргісі келетінін айтады. Тіпті, биылдан қалдырмасақ деген ниеті бар.

“Ернарымның үйленетін уақыты келді. Оның үйленгенін асыға күтіп жүрмін. Келінді де күтіп жүрміз. Биыл, бұйырса, үйлен деп отырмын. Өзінің алдында үш ағасы мен үш жеңгесі бар. Ерош келе жатыр десем болғаны, келіндерім “Ақжігіт келді” деп сүйікті тамағын дайындап, мол дастарханын жайып қояды”, – дейді анасы.

Анасы көкейінде жүрген жалғыз арманымен бөлісіп қана қоймай, болашақ келініне құлаққағыс етті. Баласының ерке мінезі мен сүйікті тағамдары туралы толығырақ айтып берді.

“Ернардың ең сүйікті тағамы – мәнті. Қойдың құйрық майын қолдан турап, әдемілеп жасап беремін. Сұйық тамақты онша ұнатпайды. Мұны болашақ келінім де біліп, байқап жүрсе екен деймін. Үш келінім де өзімнің ойымдағыдай болып түсті. Қатал болатын кезде қаталдық танытамын. Кемшіліктері болса, бірден айтамын. Келіндеріме де, қыздарыма да барған жерде қалай сіңісу керектігін, ата-енеге қалай қарау керектігін айтып отырамын”, – дейді анасы.

Ал әншінің өзі жуырда отбасын құрмаса да, ата-анасының берген тәрбиесін ақтау үшін барлығын жасайтынын айтып өтті.

Тағы да оқыңыздар:

Еліміздегі ең парақор полицейлер қай қалада тұратыны анықталды

Алдағы үш тәулікте ауа температурасы айтарлықтай төмендейді

Ильинді масқаралаған Владимир Седовтың өзі допингпен ұсталды

Астанада өзін үш баласымен бірге жарып жіберемін деп қорқытқан Мейрамовтардың үйі сүрілді

Шымкент тұрғыны Қадір түнінде періштелерді өз көзімен көргенін айтты

2011 жылы теракт болған Шұбарши халқы қара жамылғандардан қорқып отыр (фото)

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel