Выйти
RU

Бердібек Сапарбаев қоластындағыларды нәжіс иіскеуге мәжбүрледі (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде тазалыққа жауапты мекемелерге барып, жағдайды білмек болған Бердібек Сапарбаев жауапсыз бастықтардың әрекетіне ашуланды деп хабарлайды NUR.KZ порталының аймақтағы тілшісі.

Ақтөбенің қоқыстан еңсесі езіліп отыр. Қала іргесіндегі ішімдік шығаратын екі зауыт, жел болса қоқсысы қалаға қарай ұшатын полигон, кәріз суының иісі ақтөбеліктерді тұншықтырып тастағаны қашан?!

Шеткі бөлікте тұратын қала тұрғындары бірнеше жылдан бері таңертең, кешкі мезгілдерде терезесін аша алмайтындықтарын айтып, биліктің есігін талай қақты. Бекер емес екен!

Ақтөбеде 2008 жылдан бері 35 гектар жер бүлінген. Ал ауаның ластануы он есеге артқан! Мамандар ауытқымалы ауа райында ластанудың экстремалды деңгейге жететінін де айтты.

Тазалыққа жауапты мекемелерге барып, жағдайды білмек болған Бердібек Сапарбаев құлыптанған есіктерден кіре алмай қайтқан. Жауапсыз бастықтардың әрекетіне ашуланған әкім бір күнде ауаны ластап отырған, тазалыққа жауап беретін мамандардың басын қосып, қаланы аралады.

«Тұрғындар иіске шағым айтып жатыр. Бұл иісті кетіру үшін не істеу керек? Олар зауыттарды салған кезде халықты құртатынын білді емес пе? Қоқыстың қасында қала тиіп тұр. Экологтар бұл жерге төгуге болмайтынын айтып көтеру керек еді. Зауыттың жабылғанына да он жыл болған. Ешқандай жұмыс жоқ, нөл!»,- деді әкім қала шетіндегі көл болып сасып жатқан спирт қалдықтары төгілген жерді көріп.

Әкім қаланы аралау барысында экологтарға ауаның ластануын да тексертті.

«Алғашқы жарты жылдықта 4 есеге ластанған болатын. Біз әрбір 20 минут сайын ауаны тексеріп отырамыз. Қазір ауаның ластануы қалыпты деңгейден 10 есеге ауытқып тұр»,- деді экология департаментінің маманы Жібек Тәлжанова.

Әкім Шанхай ауданына барғанда билікке наразы халықпен жүздесті. Ертіп жүріп, қаланың жаңа әкімін де таныстырып жүрді.

«Жолдың жартысын жасап, қалғанын тастап кетті. Бер жағы балшық. Ауасы да лас, тұншығып отырамыз. Терезе аша алмаймыз», - дейді тұрғындар.

Облыс әкімі қоқыс полигонын көруге барғанда жаға ұстарлық жағдайға жетті. Ақылы қоқыс қабылдайтын полигон қоршалмаған, беті ашық күйінде айналаны ластап жатыр.

«Мынадан тапқан ақшасын қайда жібереді? Ең болмағанда жан-жағын жабуға болады емес пе? Жел болғанда мұның бәрі қалаға қарай ұшады. Неге бәрі қаланың қасында болу керек? Полигон 2 шақырым, қаланың қасында спирт қалдығы. Қоқысты қабылдағанға ақша аласыңдар, оны сатасыңдар, бюджеттен ақша аласыңдар. Түк жұмыс істемейсіңдер, тек жақсы отырсыңдар», - деген әкім полигон басшысына жекіп тастады.

Полигон басшысы Жақсыбек Нысанбаев ештеңе дей алған жоқ. Ақтөбенің басшылары бұл мекеменің мемлекет алдындағы қарызын төлемегенімен қоса, жасырын ақша тауып отырғанын да жайып салды.

«Полигонда тәртіп жоқ. Қалай болса солай қабылдап жатыр. З00 миллион теңге салыққа қарыз. Мына жұмысты дұрыстау керек. Қоқысты өңдеу керек, оны сату, кіріс табу керек. Қарыздан құтылу керек. Олар үкімет төлей берсе екен деп ойлайды», - деген қала әкімі қоқыстан көп ақша табуға болатынын айтты.

Әкім кәріз құбырларынан жиналған судың қалай тазартылатынын да көзімен көрді. Бірнеше жылдан бері тазарту сапасы әлсіреген қондырғы шала тазартылған кәріз суын өзендерге құйып жатыр.

«Ешқандай тәртіп, бақылау жоқ. Жасырын ақша табу бар. Шетелдік инвесторларды тартқымыз келгенде олар мындағы полигонды көргенде ешқандай қадағалаудың жоқтығын айтып, бас тартты. Егер сендер істей алмасаңдар құқық қорғау органдары арқылы өзіміз бақылаймыз. Қаладағы күнделікті проблемасын шешуіміз керек. Халық қаладағы иіске, судың тазалығына наразы. Қалада демалудың қиын екенін айтып жатыр. Біз осылардың себебін өз көзімізбен көріп, осы иісті ауаны тазарту үшін жұмыстарды шешуіміз керек», - деді Бердібек Сапарбаев.

Тағы да оқыңыздар:

Отандық боксшы президент күні туылған ұлына Қонаевтың есімін берді

Ернар Айдардың анасы болашақ келініне қандай талап қоятынын айтты

Алдағы үш тәулікте ауа температурасы айтарлықтай төмендейді

Ильинді масқаралаған Владимир Седовтың өзі допингпен ұсталды

Астанада өзін үш баласымен бірге жарып жіберемін деп қорқытқан Мейрамовтардың үйі сүрілді

Шымкент тұрғыны Қадір түнінде періштелерді өз көзімен көргенін айтты

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бердібек Сапарбаев қоластындағыларды нәжіс иіскеуге мәжбүрледі (фото)