Выйти
RU

Бейбіт Атамқұлов ОҚО-дағы жетім балаларды грантқа түсірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов 84 түлектің жоғары оқу орнында тегін білім алуына мүмкіндік беріп отыр, деп хабарлайды аймақтағы  NUR.KZ тілшісі.

Аймақ басшысының мұндай жолдамасына ата-ана қамқорынсыз қалған және жетім балалар ие болып отыр. Олар Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институты, Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік және «Мирас» сынды оннан астам жоғары оқу орындарына жолдама алды.

Білім гранттарын түлектерге облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков табыс етті. Сәдібеков өз сөзінде түлектерге сәттілік тілеп, олардың елге үлгілі азамат боларына сенім арты.

«Сіздер елбасы армандаған мәңгілік болашақтың бүгінгі жас құрылысшылары екендіктеріңізді еш уақытта естен шығармаңыздар. Өйткені елбасы жастардың білімді, еңбекқор,бастамшыл, белсенді болуын үнемі айтып отырады. Білім арқылы сіздер еліміздің үлгілі азаматы болады деп сенемін» - деді аймақ басшысының орынбасары.

Айта кетейік, биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 31 288 оқушы мектеп бітірді. Оның  199-ы жетім және ата-ана қамқорынсыз қалғандар (28-і балалар үйінің тәрбиеленушілері).

Бұл түлектердің 90-ы ұлттық бірыңғай тестілеуде шектік балдан жоғары ұпай жинаған. 199 мектеп бітірушінің 84-і жоғары оқу орнында білім алуға жолдама алса, 100-і колледждерде білімін шыңдағанды құп көрген. 6-ы республиканың басқа өңірлерінде орналасқан оқу ордаларында білім алуға ниет танытқан. Ал 9-ы жұмысқа орналаспақшы.

Тағы да оқыңыздар:

Отандық боксшы президент күні туылған ұлына Қонаевтың есімін берді

Ернар Айдардың анасы болашақ келініне қандай талап қоятынын айтты

Алдағы үш тәулікте ауа температурасы айтарлықтай төмендейді

Ильинді масқаралаған Владимир Седовтың өзі допингпен ұсталды

Астанада өзін үш баласымен бірге жарып жіберемін деп қорқытқан Мейрамовтардың үйі сүрілді

Шымкент тұрғыны Қадір түнінде періштелерді өз көзімен көргенін айтты

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бейбіт Атамқұлов ОҚО-дағы жетім балаларды грантқа түсірді