Выйти
RU

Ақтөбе облысында әйел героинді жыныс мүшесіне жасырып, Қостанайға өтпекші болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының полицейлері есірткі жасырған кезекті келіншекті құрықтау кезінде жағаларын ұстады. Себебі, тапқыр келіншек героинді жақсылап әуретті жеріне жасырып қойған. Бұл туралы Ақтөбе облысының ІІД-не сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

35 жастағы әйел Ақтөбе облысының есірткімен күрес басқрамасы қызметкерлерімен Қостанайға бағыт алған рейстік автобус ішінде құрықталған. Полицейлер оның есірткі тасымалдайын деп жатқанынан хабардар болған, алайда әйелдің есірткіні қайда жасырғанын білмеді.

Келіншектің тапқырлығы полицейлерді есеңгіреткен. Себебі, ол героинді жыныс мүшесіне жақсылап тұрып жасырып қойыпты. Оны тәртіп сақшылары емхана гинекологының көмегімен тәркілеген.

Әйел емханада бірнеше рет отырып-тұрғанда, тампонға ұқсас күйде жасырылған героин әуретті жерінен бір-ақ түскен. Есірткінің салмағы 109,13 грамм болды. Оның құны шамамаен 600 мың теңге.

Құрықталған әйел есірткіні өзі пайдаланытынын алға тартты. Оның үстінен "Есірткіні заңсыз тасу, сақтау, алу, өңдеу, дайындау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді ол он жылын темір торда өткізуі мүмкін.

Тағы оқыңыздар:

Бейбіт Атамқұлов ОҚО-дағы жетім балаларды грантқа түсірді

Бердібек Сапарбаев қоластындағыларды нәжіс иіскеуге мәжбүрледі (фото)

Ақтөбе облысында әкімнің жеті жасар немере інісін тәтесі буындырып өлтірген болуы мүмін

Моңғолия қазақтары Мәсімовке ат мінгізіп, шапан жапты (фото)

Моңғолияға барған Мәсімов күтпеген жерден қазақша сөйлеп кетті (видео)

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбе облысында әйел героинді жыныс мүшесіне жасырып, Қостанайға өтпекші болды