RU
Бейжің Олимпиадасына қатысқан тағы 6 қазақстандық допинг күдігіне ілінді

Бейжің Олимпиадасына қатысқан тағы 6 қазақстандық допинг күдігіне ілінді

Рассказать Вконтакте

2008 жылғы Бейжің Олимпиадасына қатысқан алты қазақстандық спортшының допинг сынамасы оң нәтиже берген. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) ресми сайтында хабарланды деп жазады Азаттық.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәлімдеуінше, қазақстандық алты спортшының Бейжің Олимпиадасы кезіндегі алынған допинг сынамаларын қайта тексергенде күдік тудырған. Енді Халықаралық Олимпиада комитеті мен Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі В сынамасын тексеру процесін жүргізеді. Бұл шара 18-26 шілдеде Лозаннада (Швейцария) қазақстандық тараптың қатысуымен өтеді.

Қазақстан ұлттық Олимпиада комитеті В сынамасы оң нәтиже берген жағдайда ғана спортшылардың аты-жөнін жариялайды.

Осыған дейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің Бейжің мен Лондон Олимпиадалары кезінде алынған сынамаларынан допинг табылғанын мәлімдеген.

Лондонда алтын алған қазақ спортшылары Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза мен Светлана Подобедованың да сынамалары оң нәтиже берген. Олар уақытша жарыстардан шеттетілген.

Тағы оқыңыздар:

Бейбіт Атамқұлов ОҚО-дағы жетім балаларды грантқа түсірді

Бердібек Сапарбаев қоластындағыларды нәжіс иіскеуге мәжбүрледі (фото)

Ақтөбе облысында әкімнің жеті жасар немере інісін тәтесі буындырып өлтірген болуы мүмін

Моңғолия қазақтары Мәсімовке ат мінгізіп, шапан жапты (фото)

Моңғолияға барған Мәсімов күтпеген жерден қазақша сөйлеп кетті (видео)

Сіздің реакцияңыз
33
15
8
0
0
4
9
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel