RU
Даниал Ахметов ШҚО-да 40 млн теңгеге шыны саркофаг салдырмақшы

Даниал Ахметов ШҚО-да 40 млн теңгеге шыны саркофаг салдырмақшы

Рассказать Вконтакте

Елде пантеонға ақша іздестіріліп жатқанда, ШҚО саркофаг (табыт) салуға кірісуде. Даниал Ахметов аталмыш саркофагқа 40 млн теңге жұмсалатынын мәлімдеді. Бұл туралы ratel.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

13 шілде күні ШҚО билігі Қатон-қарағай ауданында туристер сақ дәуірінің жәдігерлерін өз көзімен тамашалай алатын өзіндік мұражай салу шешімін шығарды.

Мұндай шешім 12 шілде күні Берел қорғанына ШҚО әкімі Даниал Ахметов барып-қайтқаннан кейін қабылданған. Ол алғашқы турист ретінде артефакттарды тамашалап қайтқан. Аталмыш қорғанда қазба жұмыстарын тарих ғылымдарының докторы Самашев Марғұлан жүргізуде.

Археологтар қазба жұмыстарын жалғастырып жатыр. Олар сақ дәуірінен құнды жәдігерлерді әлі де табатынынан үмітті. Ал табылған жәдігерлерді орнынан қозғамау үшін оларды шыны саркофагпен қаптаған дұрыс деп табылыпты. Ахметов бұл жұмыстарға 40 миллион теңге бөліп, күзге дейін саркофагтың бой көтеретініне сөз берді.

Тағы оқыңыздар:

Бейбіт Атамқұлов ОҚО-дағы жетім балаларды грантқа түсірді

Бердібек Сапарбаев қоластындағыларды нәжіс иіскеуге мәжбүрледі (фото)

Ақтөбе облысында әкімнің жеті жасар немере інісін тәтесі буындырып өлтірген болуы мүмін

Моңғолия қазақтары Мәсімовке ат мінгізіп, шапан жапты (фото)

Моңғолияға барған Мәсімов күтпеген жерден қазақша сөйлеп кетті (видео)

Сіздің реакцияңыз
12
9
3
0
0
20
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel