Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әуежайында қарапайым халықпен бірге рейсін күтіп тұрған Исекешев жұртты таңырқатты (фото)

Опубликовано:

Астана тұрғындарының бірі әуежайда рейс күтіп тұрған халықтың арасынан әкім Әсет Исекешевті танып қалып, таң болды. Жоғары дәрежелі шендінің қарапайым халықпен бірге ұшақ күткені астаналықты тәнті еткен.

Фотоны өз Facebook парақшасында Дмитрий Тулубаев есімді қолданушы жүктеген.

"Біздің шенеуніктер туралы, әсіресе әкімдер туралы ешқашан жазба қалдырған емеспін. Олай істеуге, шендіні мақтап не даттауға еш себеп болмады. Алайда кеше мен астаналық әуежайда қарапайым тұрғындармен бірге рейс күтіп тұрған әкімді өз көзіммен көргенде қатты таң болдым" - деп жазған тұрғын.

Қала басшысының қарапайымдылығы тұрғынды тәнті еткен.

"Залда қарапайым адамдар секілді күтіп тұр. VIP/CIP те жоқ, арнайы дабыл да жоқ. Сендерде қалай екенін білмедім, бірақ бізде керемет әкім. Әсет Исекешев, сіздің фотоңызды айтпай жариялап жатқаным үшін кешіріңіз, алайда сізге келіп рұқсат алуға дәтім жетпеді. Қолыңыз бос емес еді. Бір шетінен қоғам адамысыз дегендей, ренжімессіз деген үміттемін", - деп әкімнен кешірім сұрады тұрғын.

Бұл жазбадан кейін тұрғындар Исекешевті қоғамдық орындарда жиі кездестіретінін жарыса жазды.

"Мен де оны өткен жылы Мамытбековпен бірге Сарыарқа кинотеатрында көрдім. Күндізгі уақытта, демалыс күні. Жұма намазада да мешітте елмен бірге отырды. Мұны бақылаудың өзі бір ғанибет", - дейді пікір қалдырушылардың бірі.

Дегенмен желі қолданушылары арасында бұған таңырқаудың қажеті жоқ деп санайтындар да табылды.

Тағы оқыңыздар:

Сағынтаев ЭКСПО кезінде лаңкестер жарылыс жасауы мүмкін деп шошытты

Осымен үшінші рет қазақ баласы Риода Қытайдың намысын қорғайды

Даниал Ахметов ШҚО-да 40 млн теңгеге шыны саркофаг салдырмақшы

Ақтөбе облысында әйел героинді жыныс мүшесіне жасырып, Қостанайға өтпекші болды

Бейжің Олимпиадасына қатысқан тағы 6 қазақстандық допинг күдігіне ілінді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1190002-astana-auezhayynda-reysin-kutip-turgha/

pixel