RU
Алматының Mega ойын-сауық орталығындағы адамдар қауіпсіз жерге шығарылды

Алматының Mega ойын-сауық орталығындағы адамдар қауіпсіз жерге шығарылды

Рассказать Вконтакте

Террорлық қауіпке байланысты Алматыдағы екі ірі Mega ойын-сауық орталығы жабылды. Сауда кешеніндегі адамдар қауіпсіз жерге көшірілді деп хабарлайды  Mega сауда орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаладағы террорлық қауіптің "қызыл деңгейіне байланысты" ойын-сауық орталығын жабу туралы шешім қабылданған. Барлық адамдар қауіпсіз жерге көшірілген деп атап өтті аталған мекеме.

Алматыдағы террористік қауіптіліктің қызыл деңгейіне байланысты бірақатар ірі сауда, ойын-сауық орталықтары мен дүкендер өз жұмысын уақытша тоқтатты деп хабарлайды ойын-сауық орталықтарының әкімшілігі әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына сілтеме жасап Қазақпарат.

Алматы қаласы бойынша «Ұстау» арнайы жоспары енгізілді. Полиция қызметкерлері арасында қаза тапқандар бар.

Айта кетейік, бүгін Алматының бірнеше ауданында белгісіз біреулер оқ жаудырды - қазір Алматыдағы ҰҚКД ғимараты, Абылайхан көшесі толығымен, Абай даңғылы қоршауға алынды. Жедел жәрдем ауруханасының кезекші бөлімі 5 адамның жарақат алып түскенін, әлі де зардап шегушілердің келіп жатқанын айтты.

Куәгерлердің айтуынша, полиция қызметкерлері мен белгісіз біреулердің арасында қарулы қақтығыс болған. Алдын ала деректер бойынша, полиция арасында жарақат алғандар бар. Қалалық ІІД Алматы қаласы аумағында терроризмге қарсы операция жүргізу туралы жариялады.

Бүгін, 18 шілде күні, Астана уақытымен 12:20-да Алматы қаласының аумағында террористік қауіптіліктің қызыл деңгейі белгіленді, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметі.

«Осыған байланысты, қала тұрғындары мен қонақтарын аталған деңгейде қарастырылған талаптарды сақтауға шақырамыз», - делінген хабарламада.

Алматыдағы жантүршігерлік атыс туралы толығырақ мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы да оқыңыздар:

Алматыдағы атыстан соң 7 полицей жансақтау бөлімінде жатыр

Алматыда жантүршігерлік атысты ұйымдастарған күдіктілердің бірі ұсталды (видео)

Алматыда террорлық қауіп-қатердің қызыл деңгейі жарияланды

ІІД антитеррорлық операция жүріп жатқанын хабарлап, азаматтарды үйінен шықпауға шақырды

Алматыдағы атысты қолына автомат ұстаған белгісіз адам бастаған

Алматыдағы атыста полиция қызметкерлерін өлтіріп кетті (фото +18)

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel