RU
Мұхтар Шаханов атыраулық белсенділерге бостандық беруді талап етті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Мұхтар Шаханов атыраулық белсенділерге бостандық беруді талап етті (видео)

Рассказать Вконтакте

Ақын Мұхтар Шаханов сәуір айында Атырауда жер сату мәселесіне қарсылық танытып, алаңға шыққан Макс Боқаев пен Талғат Аянға бостандық берілсін деп талап етті.

Бұл туралы ақын Жер реформасы туралы комиссияның кезекті отырысында айтты деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.

Атырауда өткен жиын BNews.kz порталы арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

Шахановтің пікірінше, Боқаев пен Аян ешқандай да арандатушылар емес, олар жер туралы проблеманы және шындықты айта білген азаматтар. Сондықтан, олардың түрмеде отыруы әділетсіздік дейді ол.

Айта кетейік, Атыраудағы жер сатуға қарсы шыққандардың митингі 24 сәуір күні өткен болатын. Орталық алаңға жиналған тұрғындар саны 4 мыңнан асып жығылды. Олар жерді сату және шетелдіктерге жалға беру туралы заң нормасы күшін жойсын деп талап етті. Мұнан кейін дәл осындай митингтер еліміздің басқа да қалаларында өтті.

Тағы оқыңыздар:

Кабулда теракт болып, 60-тан астам адам қаза тапты (фото)

Лейкозға шалдыққан екі жасар қызды туған сіңлісі ажалдан алып қалды

Түркияда туған қазақ қызы Олимпиадада Қазақстан намысын қорғайды (фото)

Күрішбаев: Қазір жерді жалға беруді әкімдердің өздері-ақ шешіп тастап жатыр

Дінтанушы: Түркиядағы төңкеріске Гүленнің қатысы болса, қазақ-түрік лицейлерін жабу керек

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
28
2
3
0
89
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel