Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы халқы Сафар Шәкеевпен қоштасты (фото)

Опубликовано:

Бүгін Алматы халқы атақты композитор Еркеш Шәкеевтің ұлы Сафар Шәкеевпен қоштасты. Жас жігіт 16 шілде күні жоғалып кетіп, тірі деген үмітпен оның достары, туған-туыстары, еріктілер мен полицейлер ақыр соңына дейін іздеген еді.

Өкінішке орай кеше, 28 шілдеде марқұм жігіттің мәйіті Алматыдағы Есентай өзінен табылды.

«Қазақконцерт» залында өткен қаралы жиынға белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері, өнер жұлдыздары, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, сондай-ақ Сафар Шәкеевтің достары мен әріптестері, оны іздеу шараларына қатысқан іріктілер мен қарапайым қала тұрғындары келіп, марқұмның отбасы мен туған туыстарына қайғырып көңіл айтуда деп хабарлайды Қазақпарат.

«Қазақконцерт» залы халыққа лық толды десе де болады. Сафардың достары мен әріптестері үстеріне Сафардың бейнесі салынған жейде киіп келді.

«Сафар өмірді шексіз сүйтін менің аяулы да мейірімді досым еді. Ол мені кезінде Алматыға жұмысқа шақырған. Жұмыс барысында біз достасып кеттік. Біз мейірімді, аяулы досымыздан айрылып отырмыз. Ол өмірді, ата-анасын, туған-туыстарын, достарын керемет жақсы көрді. Ол режиссер болатын. Киноиндустрия саласында алдына қойған жоспарлары көп еді. Біз Сафарды мәңгі есте сақтау үшін енді бірқатар шараларды жүзеге асырамыз. Біз 11 күн бойы еріктілер қатарында болып, іздеу шараларына қатыстық. Үмітіміз зор еді. Амал қанша, өкініштен өзегіміз өртенеді. Сафардың асыл бейнесі жадымызда мәңгіге сақталады», - деді Сафардың досы Рүстем Төреғалиев.

Қоштасу рәсіміне жиналғандардың арасында Сафардың әкесінің әріптестері де бар деп хабарлайды bnews.kz.

«Сафар 25 жасқа толмай өмірден өтті. Оны 4 жасынан білетінмін. Көз алдымда өсті, өте ақылды, тәрбиелі бала болатын. Қош бол, Сафар, қош бол», - деді Шәкеевтер отбасының досы Марғұлан Сейсенбаев.

Сафар Шәкеевтің достары қоштасу рәсіміне «We love Сафар» деген жазуы бар футболка киіп келген. Олар Сафармен бірге өткізген күндерін көздеріне жас ала еске алды.

«Маған Сафардың досы болу бақыты бұйырды. Бірге көп нәрсені бастан кешірдік. Ол өте әділ адам болатын, әрқашан өзгелерге араша түсетін. Нағыз ер азаматқа тән қасиеттерге ие еді. Өз ісін қатты жақсы көретін. Экология туралы роликтер түсіре бастағаннан кейін қаланың тазалығы үшін күресті. Бүгін біз адал дос, қамқор аға, нағыз ер азаматпен қоштасып жатырмыз. Ол мәңгі біздің жүрегімізде», - деді марқұмның досы Ғабит.

Белгілі болғанындай, Сафар Шәкеев Кеңсай-2 зиратына Батырхан Шүкеновтің қасына жерленеді.

Композитор Еркеш Шәкеев ұлын іздеуге көмектескен, полицейлер, еріктілер ҰҚК-нің қызметкерлеріне, достарына, көмек қолын созған барлық жандарға алғысын білдірді.

"Өмірдегі ең жаманы - туған балаңнан айырылу. Мен үнемі ойлаушы едім осы қайғы мені айналып өтеді", - деген композитор қоштасуға келген адамдарға алығысын білдірді.

«Келгендеріңізге көп рақмет. Бұл біз үшін өте маңызды. Шын мәнінде Сафар - ерекше жігіт. Оның жақын достарына, өзімнің достарыма алғыс айтқым келеді. Оның үлкен армандары болды. Өзінің жасөспірім шағында жеткен жетістіктеріне қарамастан ол америкалық кино институтына түспек болды. Сафар кішкентай кезінде-ақ, каратеден әлем чемпионы болды. Жаңа-Орлеанда өткен Шварценегер жүлдесінде жеңімпаз атанды", - дейді ұлы жайлы Шәкеев.

Тағы оқыңыздар:

Жыл басынан бері Ақтөбеде мыңға жуық жас қыз жасанды түсік жасатқан

Кафелетіп, сыралатып үйренген бойжеткен қалай хиджап кигенін айтып берді

Руслан Күлекбаев: Расында, мен судьялар, прокурорлар мен полицейлерден кек алғым келді

Назарбаевтың қолына хат ұстатқан оқушы президентпен кездесудегі әсерін айтты

Күйеуінен ажырасып кеткен "КешYou-дің" экс-әншісі бала тәрбиесіндегі сырымен бөлісті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1204753-almaty-khalqy-safar-shakeevpen-qoshtasy/

pixel