Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Африка елінде қыздардың пәктігін алу үшін арнайы адам жалдайды

Опубликовано:

Африканың Малави деп аталатын елінде ата – аналар қыздарының пәктігін "бұздыру" мақсатында тәжірибелі еркектерді ақысын төлеп, жалдайды екен.

Бұл елдің үлкендері мұны «Тазару жорасы» деп түсіндіреді. Кейде бұл салттан тазарамыз дегендер түрлі ауру жұқтырып, кері нәтиже көріп жатады, – деп жазады BBC-ге сілтеме жасаған Stan.kz.

Анива есімді кісі өз ауылында пәк қыздарды салт бойынша «тазартуда» өте тәжірибелі әрі сыйлы. Ол тек пәк қыздарға ғана емес өзі тұратын ауылдағы жыныстық қатынас арқылы «тазартудың» түр-түріне жалданады екен. Солардың бірінен мысал келтірер болсақ, күйеуі қайтыс болған әйел жарын жерлемей тұрып Анивамен жыныстық қатынасқа түсуі керек екен.

Әйел қолдан түсік жасатса да өздерінің наным-сенімдері бойынша осы Аниваның көмегіне жүгінеді екен.

Ең таң қалдыратыны жасөспірім қыздарға алғаш рет етеккір келген кезде үш күн бойына «тазару» үшін Анивамен жыныстық қатынасқа түсу керек екен. Малави тұрғындарының түсінігінше бұл жас қыздарды ана, әйел атануға тәрбиелеп, жолын ашу дәстүрі болып есептелінеді.

Егер жас қыз үлкендердің осы әдетінен бас тартып, қарсылық білдіретін болса оның отбасына, жақындарына, барша ауылдастарына бір жамандық болады деген түсінік бар. Яғни, олардың түсінігінше халық жаппай жазылмас дертке шалдығуы мүмкін.

Жыныстық қатынас арқылы әйелдерді «тазартатын» еркектің түріне қарасаңыз жасы 40-тан асып қалған сияқты. Дегенмен Анива өзінің нақты жасын жасырады.

Оның осылайша ақша табатынына түсіністікпен қарайтын заңды екі әйелі бар. Оның сөзіне сенсек жас қыздар мен әйелдерді қосқанда 104 әйелмен жыныстық қатынасқа түсіпті. Дегенмен әйелдерді жыныстық жолмен «тазартатын» еркек тура осы санды 2012 жылы журналистерге берген сұқбатында айтқан екен. Көпшілік Аниваның баяғыда-ақ есептен жаңылып қалғанын айтады.

Анива өзінен туған бес баласы туралы сенімді әрі нақты біледі. Бұдан бөлек жұмыс бабымен қанша әйелдің өзінен бала көтергенінен хабарсыз екен. Өз ауылында Анивадан бөлек тағы 10 секс-қызметкер жалданып жұмыс істейді. Олар әр әйелге «көмектескендері» үшін 4-7 доллар шамасында ақы алады екен.

Дәстүрге сай адам жалдап «тазарған» әйелдер жүкті болып қалудан сақтануға болмайды екен. Сондықтанда болар БҰҰ дерегіне сенсек Малавидың әр бір оныншы тұрғыны СПИД сынды қауіпті індет жұқтырған.

Анива өзінің ВИЧ инфекциясын жұқтырып алғанын мойындайды. Тек бұл жөнінде өзін қыздарына жалдап жатқан ата-аналарға айтпайды екен.

Тағы оқыңыздар:

Қыздардың жалаңаш жүруі еркектердің денсаулығына зиян болып шықты

Махаббатының ғұмыры қысқа болған қазақстандық жұлдыздар кімдер?

Ақтөбеде мүгедек қария өзін қарттар үйіне тастап кеткен баласының тойын жасап берді

Шаханов: Шұ­рай­лы жерлердi үлкен билiк басындағылардың iнiлерi, қыздары жекешелендiрiп алған

Ауыр қайғыға ұшыраған Шәкеевтер отбасына журналистер тыным бермеген

БАҚ: Ильиннің Лондондағы «алтыны» Молдова зілтеміршісіне бұйыруы мүмкін

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1205573-afrika-elinde-qyzdardynh-paktigin-alu/

pixel