RU
Астанада парамен ұсталған жас шенеунік 12 жылға сотталуы мүмкін
Жаңалықтар Саясат және экономика

Астанада парамен ұсталған жас шенеунік 12 жылға сотталуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Ірі көлемде пара алып жатқанда ұсталған Астана жолаушылар тасымалы басқармасының бастығы Еділ Сүлейменов жайында тағы тың ақпарат пайда болды деп хабарлайды 24 арна.

Тергеу амалдары барысында 33 жастағы шенеуніктің заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны анықталған.

Күдікті 1,5 миллион теңгеге көліктің жылдамдығын тежеу үшін жол үстіне қойылған белгілерді алып тастауға және бизнесмендерді қара тізімге енгізбеуге уәде берген. Жас шенеунік қалған 600 000 теңгені қаладағы автобус аялдамаларын жуып-шаю және бояу жұмыстарын жоғары бағалауы үшін алған. Қазір Еділ Сүлейменов қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Егер Еділ Сүлейменовтың кінәсі дәлелденсе, ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 366 баптың үшінші тармағы- яғни бірнеше рет пара алу фактісі бойынша іс қозғалды. Ол кәсіпкерлерден 2 млн 100 мың теңге алған. Сот шешіміне сәйкес ол қамауға алынды. Сондай-ақ ол заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны да тергеу кезінде анықталды", - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның Астана қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары Данияр Мүсілімов.

Тағы да оқыңыздар:

Атырауда өмірден түңілген жігіт елдің алдында өзін кескілеп тастады (видео)

Фируза Шарипова кәсіпқой бокстан алғаш рет жеңіске жетті

Танымал суретші әйел бала сүйіп, ана атанудан мәңгілікке бас тартты

Британиялық жігіт өзін белгісіз қыздың зорлап кеткенін айтты

Отандық велошабандоз көлікпен соқтығысып, Олимпиадаға бармайтын болды

Сіздің реакцияңыз
50
29
1
4
0
15
9
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel