RU
Теміртауда белгісіз біреулер Лениннің ескерткішіне оқ атты
Жаңалықтар Қоғам

Теміртауда белгісіз біреулер Лениннің ескерткішіне оқ атты

Рассказать Вконтакте

Белгісіз адамдар Теміртау саябағында көңіл көтеріп, Владимир Лениннің ескерткішін нысана ретінде алып оқ атқан деп хабарлайды Stan.kz.

Бұған қала тұрғынының бірі куә болған. Ол саябақта қыдырып жүріп, әлдекімдердің шулы дауысын естіпті. Бір кезде оқ атылып, ескерткіштен ұшқын шығып жатқанын көрген. Ол дереу үйіне қарай асығады.

Ертесі күні ескерткіш маңына келіп оқ іздерін байқаған соң, дереу журналистерге хабарлаған. Бұл жайлы полицейлер де естиді.

Лениннің ескерткішіне қатысты мұндай оқиға бұрын да болған. 2012 жылы аңшылар ескерткіштің біршама темірін кесіп алып кеткен.

Ескерткіш тарихи жәдігер санатына жатпайтындықтан, оны жөндеуге мемлекет есебінен қаражат бөлінбейді.

 

Сіздің реакцияңыз
8
7
4
5
0
32
36
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel