RU
Үнділікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы еліне оралғысы келетінін айтты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Үнділікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы еліне оралғысы келетінін айтты (фото)

Рассказать Вконтакте

Үнділікке тұрмысқа шыққан қазақ қызына Үндістанның Сыртқы істер министрі Сушма Сварадждың өзі визасын ұзартуда қол ұшын созатынын мәлімдеді. Алайда бойжеткен әзірге еліне оралғысы келетінін айтқан.

"Әңгіме махаббатқа келгенде Сыртқы істер министрі Сушма Сварадж Амурдың (көне римдік аңыздардағы махаббат құдайы - ред. ескертпесі) рөлін сомдай алмайды. Дегенмен ол жақында үнділікке тұрмысқа шыққан қазақ қызына көмектесетінін айтып, құтқарушы қатарынан табылды", - деп жазған шетелдік newindianexpress.com сайты.

34 жастағы Жанна Шалабаева 24 жастағы Тину Джанграға (Teenu Jangra) екінші маусым күні тұрмысқа шыққан. Ендігі жас жұбайлар виза мәселесін шеше алмай жүрген болатын. Себебі, Жаннаның туристік визасы 2016 жылдың бірінші тамызында бітеді.

Жас жұбайлардың визаны ұзартуда қиындықтарға тап болғаны жергілікті басылымның назарына ілігеді. Тоғызыншы шілде күні жария етілген мақаланы елдің министрі байқап қалған. Ол виза мәселесін шешіп беретінін мәлімдеп, өзінің Твиттердегі парақшасында жазба қалдырыпты.

"Жанна, егер визаны ұзартқыңыз келсе, маған хабарласыңыз", - деп жазған министр байланыс нөмірін де қалдырған.

Сварадждың айтуынша, Жанна бүгінде еліне оралуға ниетті.

"Мен Жанамен және оның күйеуімен сөйлестім. Ол бүгінде өз еліне қайтып оралғысы келетінін айтты. Ал күйеуі әйелінің бұл сөздерін растап отыр", - дейді Үндістанның Сыртқы істер министрі.

Шетелдік timesofindia.indiatimes.com сайтының мәліметіне сәйкес, Жанна бейсенбі күні еліне қайтып оралу үшін Дели әуежайындағы ұшаққа отырған.

"Ол отбасымен кездескісі келіп, өз үйіне барып-қайтуды ұйғарды. 15-20 күннен кейін Үндістанға қайтып оралуы мүмкін", - дейді Жаннаның күйеуі Тину.

Джангра үйінде әйелін тек өзі ғана түсіне алатынын алға тартты. Жанна екеуі ағылшын тілінде сөйлесіп, бір-бірін ұғысатын көрінеді. Джанграның әкесі - Үндістандағы Мемлекеттік көлік департаментінің қызметкері.

Еске салсақ бұған дейін алты тіл білетін қазақ қызы өзінен он жас кіші үнділікке тұрмысқа шыққанын хабарлаған болатынбыз. 29 мамыр күні Жанна Үндістанға келіп, Тинумен Тохана ғибадатханасында некесін қияды. Неке қию рәсімі үнділік жораларға сай өткен.

Тағы да оқыңыздар:

NUR.KZ-тегі мақаладан соң ОҚО-дағы 6 балалы анаға кәсіпкерлер үй салып берді (фото)

Алматы облысында өгей әке кішкентай қыздарын зорламақ болған

Теміртауда белгісіз біреулер Лениннің ескерткішіне оқ атты

Алматыда төсек қатынасы үшін пәтерін жалға беретін жігіттер көбейген

Астанада парамен ұсталған жас шенеунік 12 жылға сотталуы мүмкін

Ақтөбе облысында ішімдікке тойып алған екі қыз ер адамды зорлап кетті

Сіздің реакцияңыз
421
61
14
42
0
18
24
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel