Выйти
RU

Төсек ләззатын созудың жолдары (+18)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әйелдің жыныстық қатынаста қаншалықты қанағаттануы еркектің «ісінің» ұзаққа созылуына байланысты. Келіп қалған шәуетін ұстай алмай, тез бітіріп қоятын жігіттер үшін бірнеше кеңестер ұсынамыз. Бұл әйеліңіздің тояттауына, арадағы некенің, қатынастың одан сайын нығая түсуіне көмектеседі деп жазады aikarakoz.kz.

1. Секс туралы ойламау

Ең оңай әдіс. Жыныстық қатынас кезінде ойыңызды алып жатқан ләззаттан мүлде басқа жаққа бөліңіз. Футбол туралы, кино туралы ойлаңыз, тіпті ішіңізден Әнұран айтсаңыз да болады, жатқа білетін өлеңді қайталаңыз. Бастысы, дауыстап емес, тек ішіңізден айтыңыз. Әйеліңіз түсінбей қалып жүрер;

2. Арнайы құралдар

Төсек қатынасын бастамас бұрын екі дана мүшеқап киіп алыңыз. Ол еркектің жыныстық мүшесінің сезімін төмендетіп, эрекцияның ұзаруына септігін тигізеді. Яғни, жыныстық қатынас ұзарады.

3. Жаттығу

Жыныстық қатынас уақытын қадағалау үшін арнайы жаттығу бар. Ол өте қарапайым.

Кіші дәретті шығарып жатып, ортасында тоқтай қалыңыз. Солай 1-2 минутқа шыдап көріңіз. Оны қолыңызбен емес, мүшенің бұлшықеттерін жиыру арқылы жасайсыз. 1-2 минуттан соң қажетіңізді өтей беруіңізге болады :). Осы жаттығуды күніне бірнеше рет қайталасаңыз, мүшеңіздің бұлшықеттерін қадағалауға дағдыланып, жыныстық қатынасты ұзарта аласыз.

4. Секс алдындағы мастурбация

Жыныстық қатынасқа түспей тұрып, мастурбация арқылы шәуетті шығарып алыңыз. Екінші рет бәрібір ұзақтау болады. Бірақ, екіншіге күшіңіз жетпей қалып жүрмесін, сол жағын да ойлап қойыңыз.

5. Ең тиімді жол

Секспен жиі айналысыңыз. Тұрақты түрде төсек қатынасымен айналысатын болсаңыз, бітіру жағынан қиындықтар туындамайды. Төсекте өзіңіздің ғана емес, сүйіктіңіздің де тояттауын көздеңіз, сонда бәрі керемет болады.

Тағы оқыңыздар:

Сарапшылар Астана мен Алматыда пәтерге неше жыл ақша жинау керектігін есептеп шықты

Ақтөбеде экс-депутат Өндіргенов 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Шымкенттік әйел із-түссіз жоғалған егіз ұлдарын шарқ ұрып іздеп жүр (фото)

Түрік дипломаттары қазақ-түрік лицейінен балаларын жаппай алып кетуде

Әлемдік рейтингте қазақтың ұлттық киімі үздік бестікке енді (фото)

Полицейлер ОҚО-ның Мақтарал ауданындағы қақтығыс жайлы айтып берді

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Төсек ләззатын созудың жолдары (+18)