Выйти
RU

Ақтөбеде 86 жастағы кейуананы баласы қарттар үйінен шығарып алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде ер адам 86 жастағы анасын қарттар үйінен шығарып алды деп хабарлайды aktobenews.kz.

Ақтөбедегі қарттар мен мүгедектерге арналған интернат қызметкерлері жалғызсыраған қарияларды балалары іздеп келсе, солармен бірге қуанатындарын айтады.

«Балалары келсе, олар көңілді жүреді. Жан-жағындағылармен күліп сөйлесіп, ашық-жарқын әңгіме айтып жүреді. Бізде қазір 300-ге жуық адам тұрып жатыр. Олардың жартысы - мүгедек. Олар үшін барлық қажеттілік жасалуда. Бірақ жақындарынан жырақта қалғандар жалғызсырап жүреді. Неше түрлі тағдырлар бар», — дейді Қарттар мен мүгедектер үйінің директоры Ермек Бейсқалиев.

Интернат қызметкерлері қарттар уақытын бос өткізбеу үшін қолөнер бұйымдарымен айналысатынын айтады.

Бұл жұмыстар олардың ойын бөлу үшін арнайы ұйымдастырылған. Қажетсіз болып қалған темекі қораптарынан ойыншықтар жасайды, іс тігеді.

«Қариялардың жасаған қол өнер жұмыстарын балалар үйіне апарып береміз. Олар өздерінің жасаған заттарын біреудің пайдасына жарағанын көріп, қуанады. Жақында бір қарияны баласы іздеп келіп алып кетті. Баласының айтуынша, әжейдің қыздары шетелге тұрмысқа шыққан. Өзі осы уақытқа дейін жағдайы келмеген соң шешесін алып кете алмағандығын айтты. Соңғы кездері кейуана аяғын баса алмай, жатып қалған еді. Баласы үлкендеу кісі екен. «Қыста үйлендім, бірнеше рет анамды алып кетіп жүрдім. Енді анам біржолата менің қасымда болады» деп алып кетті», — дейді мекеме қызметкері.

86 жастағы қария интернатта үш жылдай тұрған.

Тағы оқыңыздар:

Сарапшылар Астана мен Алматыда пәтерге неше жыл ақша жинау керектігін есептеп шықты

Ақтөбеде экс-депутат Өндіргенов 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Шымкенттік әйел із-түссіз жоғалған егіз ұлдарын шарқ ұрып іздеп жүр (фото)

Түрік дипломаттары қазақ-түрік лицейінен балаларын жаппай алып кетуде

Әлемдік рейтингте қазақтың ұлттық киімі үздік бестікке енді (фото)

Полицейлер ОҚО-ның Мақтарал ауданындағы қақтығыс жайлы айтып берді

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбеде 86 жастағы кейуананы баласы қарттар үйінен шығарып алды