Выйти
RU

ОҚО-да қасақана өрт шығарды деген күдікпен 34 адам құрықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Мұратбаев ауылында екінші тамыз күні бірнеше қасақана өртеу оқиғалары тіркелді деп хабарлайды NUR.KZ порталы облыстың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екінші тамыз күні Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Мұратбаев ауылында белгісіз біреулер құрылыс дүкенінің есігін өртеп, 52 мың теңгеге шығын келтірген.

Дүкен есігін өртеген бұзақы құрықталды. Күдікті Асық-ата ауылының 30 жастағы тұрғыны болып шыққан. Бұдан бөлек Диқан ауылында белгісіз біреулер жергілікті тұрғындардың екі үйін өртеп жіберген. Үйлердің бірінің ауласында тұрған «Газель» көлігі де өртке оранған. Ішкі істер органдары кінәлілерді іздестіруде.

ІІМ жедел штаб құрып, оқиға орнына Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары мен облыс әкімі келіп жеткен.

Тәртіпсіздіктердің алдын алуына бағытталған рейдтер барысында ІІБ бөлімшесіне Мақтаарал ауданының 34 тұрғыны жеткізілген. Жеті таяқ және бес литрлік жанармай толы құты тәркіге алынды. Олардың тәртіпсіздікте қатысты болу-болмауы анықталу үстінде.

Тағы оқыңыздар:

Сарапшылар Астана мен Алматыда пәтерге неше жыл ақша жинау керектігін есептеп шықты

Ақтөбеде экс-депутат Өндіргенов 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Шымкенттік әйел із-түссіз жоғалған егіз ұлдарын шарқ ұрып іздеп жүр (фото)

Түрік дипломаттары қазақ-түрік лицейінен балаларын жаппай алып кетуде

Әлемдік рейтингте қазақтың ұлттық киімі үздік бестікке енді (фото)

Полицейлер ОҚО-ның Мақтарал ауданындағы қақтығыс жайлы айтып берді

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ОҚО-да қасақана өрт шығарды деген күдікпен 34 адам құрықталды