Выйти
RU

Қызылорда облысында қыруар ақшаға салынған үйлер шатыры ұшып, қаңырап тұр (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қызылордада мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйлер қаңырап бос тұр деп хабарлайды аймақтағы NUR.KZ тілшісі.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Қызылорда облысына қарасты Қазалы ауданында мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үйлер салынған болатын. Қала орталығындағыдай көпқабатты баспаналар бой көтермесе де, қарапайым отбасыларға қолдау көрсетілген еді.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы негізінде тұрғызылған үйлердің 90 пайыз шығынын мемлекет көтерсе, қалған үлесін жеке кәсіпорын міндетіне алған еді. Бүгінде сол үйлердің басым көпшілігі қаңырап бос тұр.

30-ға жуық баспана Қазалыдағы "Астана" мөлтек ауданында тұрғызылған. Салынғанына санаулы-ақ уақыт өтсе де, үйлердің сыртқы көрінісі нашарлар кетіпті. Қабырғалары мүжілген. Шатыры шұрық-тесік.

«Бұл үйге көшіп-келгенімізге екі жыл уақыт болды. Үй жаңадан салынғанымен, сапасы өте нашар. Келе салысымен күрделі жөндеу жүргіздік. Баспанамыз үшін айлығымыздан ақша ұсталынады. Бос тұрған үйлер де жетеді. Кей-кезде адамдар көшіп келеді. Кейіннен қайтадан жоқ болып кетеді. Қыстың күні суық болады. Қалай болса солай салған әйтеуір», - дейді тұрғындардың бірі.

Жаңадан салынған үйлер ұзын-соңар көшенің бойында тұрғызылған. Үйлердің көбісі бос қаңырап жатқанын байқау қиын емес. Есіктерте қара құлып, терезелері сынған. Үйсіз-күйсіз жүргендердің мұнда түнегендері де байқалады.

Осы жағдайға байланысты мәлімет алу үшін Қазалы аудандық әкімдігіне хабарластық.  Ондағылар аталмыш нысанның аудандық «Жұмыспен қамту» орталығының меншігінде екенін айтты. Өкінішке орай, мекеме басшысымен тілдесу мүмкін болмады.

Есесіне, орталықтың маманы бірқатар сұрақтарымызға жауап берді.

«Бұл үйлердің салынғанына 3 жылдай уақыт болып қалды. Аудандағы жеке кәсіпкерлердің бірі 10 пайыз үлесін қосқан болатын. Қазір сонда осы кәсіпорында жұмыс істейтін мамандар тұрады. Әр үйді салуға шамамен 5 миллион теңгедей қаражат кетті. Жалпы мемлекеттен бөлінген қаражат көлемін мен нақтысын білмеймін. Бос тұрған үйлерден де хабарымыз бар. Кәсіпкерге арнайы қатынас қағазын да жаздық. Бірақ нәтиже болмай тұр», - дейді Әділхан Әбілов.

Мемлекеттен қыруар қаражат бөлініп, тұрғызылған үйлердің бос қаңырап тұруы баспанаға зар болып отырғандардың ызасын келтіруде.

«Әркім уақытша паналап жүрген нысандар кезекке тұрғандарға неге реттеліп берілмейді?» , - деп сұрақ қойып жүргендер көп.

Алайда жауапты мамандар мұндай әрекетке бару заңсыз екенін айтады. Айта кету керек, бүгінгі таңда Қазалы ауданы бойынша 500-ден астам адам баспана алу кезегінде тұр.

Тағы да оқыңыздар:

ОҚО-да қасақана өрт шығарды деген күдікпен 34 адам құрықталды

Ақтөбеде 86 жастағы кейуананы баласы қарттар үйінен шығарып алды

"О дүниелік шоколадтар" жұрттың жағасын ұстатты

Төсек ләззатын созудың жолдары (+18)

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қызылорда облысында қыруар ақшаға салынған үйлер шатыры ұшып, қаңырап тұр (фото)