Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтынай Жорабаеваның күйеуімен ажырасқаны рас па?

Опубликовано:

Ел арасында әнші Алтынай Жорабаева мен продюсер Сәбит Әбдіхалықов ажырасып кетті деген әңгіме желдей есуде.

Ал Instagram желісін белсенді түрде қолданатын Алтынайдың жары Сәбитті кешегі туған күнімен құттықтамауы оқырмандардың күдігін одан әрі арттырды.

Кеше танымал продюсер өзінің кезекті туған күнін атап өтті. Ал Алтынай Жорабаева төрт қызының әкесін желіде құттықтаған жоқ. Әнші Қытайға сапарлатып бара жатқан фотосымен ғана бөліскен.

Осы орайда, оқырмандар пікір қалдырып, танымал жұптың ажырасып кеткеніне сенбейтіндіктерін жазды.

"Сәбит аға екеуіңіздің ажырасайын деп жатқандарыңыз рас па? ", "Алтеке Сәбит қайда?", "Жарыңызды туған күнімен құттықтамайсыз ба?", "Сіздер туралы бір әңгіме естеп келдім, бірақ сенбеймін. Сіздерді ажырасты деуге қимаймын", - деген пікірлер айтылған.

Сондай-ақ, желі қолданушылары әншінің күйеуі Сәбиттің суреттерін өз парақшасынан алып тастағанын да байқап қалған.

Еске сала кетейік, жақында Сәбит Әбдіхалықов кезекті рет инфаркт алған болатын. Осы сәтті де әнші әлеуметтік желіде назардан тыс қалдырды.

Сәбит Әбдіхалықов бұрын бірінші әйелі, танымал актриса әрі әнші Айгүл Иманбаевамен ажырасып кеткен. Бүгінде олардың ортақ ұлдары бар. Ал Алтынай жары Сәбитті 4 қызымен қуантқан болатын.

Қолданушылар Алтынайдың күйеуі туралы көп жазбауына да күдікпен қараған еді.

Тағы да оқыңыздар:

ОҚО-да қасақана өрт шығарды деген күдікпен 34 адам құрықталды

Ақтөбеде 86 жастағы кейуананы баласы қарттар үйінен шығарып алды

"О дүниелік шоколадтар" жұрттың жағасын ұстатты

Төсек ләззатын созудың жолдары (+18)

Қызылорда облысында қыруар ақшаға салынған үйлер шатыры ұшып, қаңырап тұр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1208088-altynay-zhorabaevanynh-kuyeuimen-azhyr/

pixel