RU

MRS – болашақ жанымызда

Сыртқы нарықтардағы мәселелер мен әлемдік қаржы-кредиттік жүйенің тұрақты қызмет жасауындағы белгісіздікке қарамастан, Қазақстан Орталық Азиядағы ірі экономика және посткеңестік кеңістіктегі екінші экономика болып қала береді.

Мұнайдың, пайдалы қазбалардың оразан зор қоры, мал шаруашылығы әлеуеті және машина жасау секторы қомақты перспективадан хабар береді және болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді.

Ірі бизнестен бастап тұрмыстық қарым-қатынаспен аяқтағанда барлық салаларға еніп, онсыз да өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған интернет желісінің даму келешегі жайлы да осындай сеніммен айта аламыз.

Интернет-қызмет нарығындағы соңғы тенденциялар, жаңалықтар мен мүмкіндіктерді Қазақстанның интернет-қызметтер нарығына шығаруды жоспарлап отырған, реселік табысты «MRS» digital-компаниясының бас директоры Алексей Карповпен талқылауды жөн санадық.

Алексей, сәлеметсіз бе! Қазақстан нарығында сіз үшін тартымды дүние не және қандай перспективаларды көріп отырсыз?

- Сәлеметсіз бе! Қазіргі заманғы адамның өмірі, шынымен де, интернетсіз мүмкін емес болып кетті, алайда кез-келген сала сияқты, жаһандық желі өзгеріске ұшырауда, дамуда – бір жерлерінде шынайы сектордың қажеттілігіне ілессе, бір жерлерде өз қағидаларын алға тартады және өзіне ілесуді талап етеді. Қазақстанның интернет қызметтері нарығы жайлы айта отырсақ, перспектива оразан зор. Ақиқатын айтар болсақ, интернет технологиялардың барлық негізгі трендтері Батыста, ережеге сай, Америкада пайда болады да, осыдан кейін, уақыт пен тұтынушы сынынан өтіп, белгілі бір уақыттан кейін Ресейге, содан кейін Қазақстанға да жетеді. Жалпы, Қазақстанның Ресейде және батыста табыспен сыналған кейстерді енгізуге тиімді негіз бола алатыны тартады.

Қазақстанда нақты нені енгізбекшісіздер, қандай технологияларыңыз бар?

Біздің міндетіміз – желіде толық көлемді жарнама науқандарын өткізу жолымен шынайы бизнесті дамытуға мүмкіндік туғызу. Бұрыштағы шағын дүкеннің қожайыны болсын немесе металл конструкцияларды өндіретін зауыт иесі болсын, кез-келген бизнесменнің орынды тілегі – адал клиент тарту және сатуды арттыру. Екеуіне де жарнама қажет, біреуіне ол туралы қала ауданы хабардар болуы үшін, ал келесісі корпоративтік, соның ішінде шетелдік тапсырыс берушіге мүдделі.

Кез-келген бизнеске, ешқайсысын алаламай, көмектесу үшін бізде интернет маркетинг құралдары және әдістері бар.

 Оқырмандарымызға мұның тәжірибеде қалай жұмыс жасайтынын толығырақ айтып берсеңіз.

Жалпы, біз үш бағытта жұмыс жасаймыз: web-студия, жеке софт дайындау және краудфандинг. Веб-студия, SEO, SMM, пиар және промоушнды, лендингтен бастап корпоративтік порталға дейінгі веб-құралдарды дайындауды қоса алғанда, интернет-маркетингтің толық айналымын қамтамасыз етеді.

Тәжірибеге келсек, радиодағы, телевизиядағы немесе көшедегі баннерлердегі жарнамаға қарағанда арзанырақ болғандықтан ғана, интернет жарнама бизнестің барлық түрлері үшін біршама қолжетімді. Қазірдің өзінде интернет жарнама біршама тиімді, ал аудиторияның жыл сайынғы өсуге деген тенденциясын ескере отырсақ, оның тиімділігі өсе түспекші.

Біз сондай-ақ жеке бағдарламалық өнімдер дайындаумен және краудфайдингтік алаң ұсынумен де айналысамыз. Бұл, негізінде, жеке әңгімені қажет ететін екі дербес әрі салмақты бағыт. Осы дүниелердің барлығын Қазақстан нарығында енгізгелі жатырмыз және өнімдер өздерінше бірегей болғандықтан, олардың жақсы кіруіне негіз жетіп артылады.

Сіздің ойыңызша, қазақстандық нарықтың қандай да бір ерекшеліктері бар ма және қандай қиындықтар көріп отырсыз?

Ерекшелік Қазақстанда көптеген кәсіпкерлер мен бизнесмендердің интернет жарнама дегеніміз не екенін және оның бизнесті дамыту, клиенттер тарту, сатуды арттыру және брендті дәріптеу жағынан қандай мүмкіндіктерге ие екенін әлі де сезінбейтіндігінде шығар, бәлкім. Біздің міндетіміз мұны адамдарға жеткізу және әсерді тәжірибеде көрсету.

Біз бизнеспен бірге дербес және саяси PR-мен жұмыс жасаймыз, бізде – Ресейде жетекші парламенттік партиялармен, саясаткерлермен жұмыстың табысты тәжірибесі бар. Бұл тұрғыдан интернет өркендету өте салмақты құрал. Ешқандай қиындықтарды көріп отырған жоқпыз, себебі жағымды нәтижеге бағыт алғанбыз және оған қалай қол жеткізуге болатынын білеміз. Оның үстіне, Қазақстанда белгілі бір іскерлік байланыстар және көптеген жақсы достарымыз бар болғандықтан, мүлдем бейтаныс нарыққа келіп отырмыз деуге болмайды. Сонымен қатар, Ресей мен Қазақстанның тығыз экономикалық және тату көршілік қатынастарының ортақ тенденциясына үйлесіммен қосыламыз.

Алексей, әңгімелескеніңізге рахмет, зерттемелер және краудфандинг саласындағы жобаларыңызды әлі де талқылайтынымызға сенемін. Сізге және командаңызға табыс тілеймін.

Ізгі тілегіңізге көп рахмет, Сізбен тағы жүздесуге дайынмын.

*PR  құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1208366-mrs-bolashaq-zhanymyzda.html