RU
Құқыққорғаушылар: Алматыдағы Слекишина зорланған колонияда тағы екі әйел жүкті болып қалған

Құқыққорғаушылар: Алматыдағы Слекишина зорланған колонияда тағы екі әйел жүкті болып қалған

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы Слекишина зорланған колонияда тағы екі әйел жүкті болып қалған. Бұл туралы Алматыда өткен Адам құқығы жөніндегі халықаралық бюроның баспасөз мәслихатында айтылды деп хабарлайды Qamshy.kz.

ЛА-155/18 мекемесінде Наталья Слекишинаны зорлау оқиғасына қатысты шудан соң құқыққорғаушыларға осындай тағы басқа заң бұзушылықтар белгілі болған көрінеді. Дәл сол мекемеде тағы екі әйелдің жүкті болғандығы анықталған.

«Ұлағатты отбасы» қорының президенті Марианна Гурина сотталған әйелдерден көп жағдайға қаныққанын айтады. Оның айтуынша, изолятор жын-ойнаққа айналған. Еркектер ақшасын төлесе ұнатқан әйелдеріне кіріп, кездесе алатын көрінеді.

«Мекеме жезөкшелер үйіне айналып кеткен. Белгілі-бір жеңілдіктерге ие адамдар жыныстық қатынасты қажет етсе, оларға сондай кездесулер жасап береді», - дейді ол.

Адвокат Айман Омарованың айтуынша, Н. Слекишина түрмеде интимдік байланысқа түсуді қаламаған, сондықтан оны зорлаған. Қазіргі уақытта оның ісі сотқа жіберілген. Адвокат іске қатысы бар делінген мекеменің барлық төрт қызметкері де қылмыстық жауапкершілікке тартылуын талап етіп отыр. Сондай-ақ, ол арнайы мекемеде әйел зорлаудың басқа да оқиғалары зерттеліп, анықталуы тиіс деп санайды.

«Біз ЛА-155/18 мекемесін Ермек Омарбеков басқарған және Н. Слекишинаны зорлады деп айыпталған Руслан Хакимов қызмет еткен уақыттағы басқа да қамауға алынғандардың тексерілуін талап етеміз», - дейді А. Омарова.

Танымал құқыққорғаушы Евгений Жовтис те түзеу мекемелеріндегі бұл жағдайға атүсті қараушылық байқалатынын айтады.

«Бұл іс колонияларда қауіпсіздіктің қамтамасыз етілмегенін көрсетеді. Бұл іс ерекше бақылауға алынып, аяғына дейін жету керек. Аталған оқиғада прокуратураның да дәрменсіздігі белгілі болып қалды. Іс прокуратураға түсісімен бірден сотқа жөнелтілді. Ешқандай зерттеу, тексеру жүргізілмеді», - дейді ол.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда жоғалған қызды белгісіз біреулер қалыңдық ретінде алып қашып кеткен

Семейде ер адам туған қыздарын төрт жыл бойы зорлап келген

Ақтөбедегі терактіде ауыр жарақаттанған жігіт басындағы бытырамен таксиші болып жүр (фото)

Назарбаев Ақышевтан теңге бағамының құбылуын түсіндіруді талап етті

Қазақстанда діни қызметкерлер бойжеткендерді секс-жиһадқа жіберуде

Сіздің реакцияңыз
40
5
3
6
0
2
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel