RU
Қазақ боксшыларының Олимпиададағы алғашқы қарсыластары анықталды

Қазақ боксшыларының Олимпиададағы алғашқы қарсыластары анықталды

Рассказать Вконтакте

Рио-де-Жанейродан өтетін Олимпиада ойындарындағы боксшыларымыздың алғашқы қарсыластары белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып NUR.KZ хабарлайды.

49 келі

Біржан Жақыпов Олимпиаданы екінші кезеңнен бастайды. Ол намибиялық Матиас Намуниела мен әзірбайжандық Руфат Хусейінов жұбының жеңімпазымен кездеседі. Біржан 8 тамыз күні кешкі сессияда жұдырықтасады.

52 келі

Олжас Сәттібаев пуэрто-рикалық Хавьер Кинторнмен жекпе-жекке шығады. Егер бұл боксшыны жеңер болса, осы салмақта 2015 жылы әлем чемпионы атанған  әзірбайжандық Элвин Мамишадземен кездеседі.

56 келі

Қайрат Ерәлиев 2013 жылы Алматыда әлем чемпионы атанған әзірбайжандық Жавид Челебиевпен жолығады. Қайрат осыдан үш жыл бұрын Жавидтен жартылай финалда ұтылған болатын.

60 келі

Берік Әбдірахманов АҚШ спортшысы Карлос Вальдераспен кездесуге шығады.

64 келі

Абылайхан Жүсіпов алғашқы айналымда ұлыбританиялық Пэт Маккромакпен кім мықтыны анықтайды. Егер бұл спортшыны жеңетін болса, әйгілі кубалық боксшы Ясниел Толедомен кездесуі мүмкін.

69 келі

Данияр Елеусінов Олимпиаданы екінші айналымнан бастайды. Ол Джош Келли (Ұлыбритания) мен Уалид Мохаммад (Мысыр) арасындағы жекпе-жек жеңімпазымен шаршы алаңға шығады.

75 келі

Жәнібек Әлімханұлының алғашқы қарсыласы - Энтони Фоулер (Ұлыбритания).

81 келі

Әділбек Ниязымбетов те жарысты екінші айналымнан бастайды. Ол Италия және Беларусь боксшыларының арасындағы жеңімпазбен кездеседі.

91 келі

Василий Левит екінші айналымда қытайлық Ю Фенкайға қарсы шаршы алаңға шығады.

+91 келі

Иван Дычко да бірінші айналымда теледидардан тамашалап. Оны екінші кезеңде әзірбайжандық Магомедрасул Меджидов пен марокколық Мохамед Арджоуи жұбының жеңімпазымен кездеседі. Дычко Меджидовтан 2013 жылғы әлем чемпионатында нокаутпен ұтылған.

51 келідегі Жайна Шекербекова алғашқы айналымда бос. Ол екінші кезеңде Франция мен Марокко спортшысының жеңімпазымен кездеседі. 75 келідегі Дариға Шәкімова екінші айналымда 2008 жылғы әлем чемпионы, канадалық Ариана Фортинмен кездеседі.

Тағы да оқыңыздар:

Шенеуніктердің миллионер ұл-қыздары елге бір тиын да салық төлемейді

Оңтүстікке келін болған якут қызы қалай қазаққа айналды?

Ерке Есмахан өзін «Мона Лизаға» теңеп, ел назарына ілікті

Еліміздегі қазақ тілінде еркін сөйлейтін танымал өзге ұлт өкілдері (фото, видео)

Аздап салмақ қосқан Мөлдір Әуелбекованы жұрт аяғы ауыр деп болжады (фото)

Күйеуіңіздің көзіңізге шөп салып жүргенін қалай байқауға болады?

Сіздің реакцияңыз
3
6
1
2
0
28
47
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel