RU
Сириялық босқын қыз Германияда сұлулық ханшайымы атанды (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Сириялық босқын қыз Германияда сұлулық ханшайымы атанды (фото)

Рассказать Вконтакте

Германияда шарап дайындайтын өңірлерде ұйымдастырылатын дәстүрлі «Шарап ханшайымы» сұлулық конкурсында алғаш рет мигрант қыз жеңіске жетті.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

26 жастағы Нинорта Бано үш жыл бұрын туған қаласын соғыс өрті шарпыған кезде Сириядан Германияға қашып келді.

"Мен Германияның қонақжай ел екендігін және немістер босқындардың интеграциясы тез әрі табысты өтуі жолында белсенді жұмыс істеп жатқандығын көрсеткім келеді", - деп мәлім етті Бано салтанатты марапаттау рәсімі кезінде.

Қазылар алқасының мүшелері Нинорта тек өзінің сұлулығымен ғана емес, конкурстің басты шарты - шарапты білуімен де ерекше көзге түскендігін атап өтті.

Айта кеткен жөн, "Шарап ханшайымы» сұлулық конкурсы 1930 жылдан бері жыл сайын Германияның 13 шарап шығарумен айналысатын өңірлерінде өткізіліп келеді, деп жазады life.ru.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақ боксшыларының Олимпиададағы алғашқы қарсыластары анықталды

Шенеуніктердің миллионер ұл-қыздары елге бір тиын да салық төлемейді

Ерке Есмахан өзін «Мона Лизаға» теңеп, ел назарына ілікті

Еліміздегі қазақ тілінде еркін сөйлейтін танымал өзге ұлт өкілдері (фото, видео)

Аздап салмақ қосқан Мөлдір Әуелбекованы жұрт аяғы ауыр деп болжады (фото)

Күйеуіңіздің көзіңізге шөп салып жүргенін қалай байқауға болады?

 

Сіздің реакцияңыз
12
0
2
6
0
16
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel