RU
Ауылға әкесінің атын беріп, мешіт салдырған Зауытбек Тұрысбеков туралы не білеміз? (фото)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Ауылға әкесінің атын беріп, мешіт салдырған Зауытбек Тұрысбеков туралы не білеміз? (фото)

Рассказать Вконтакте

Зауытбек Тұрысбеков - Қазақстанның бұрынғы Ішкі істер министрі. Ол бала күнінен-ақ ауыл балаларымен бірге ағаштан жасалған қарумен атысып, кішігірім «боевик» ойындарды ұйымдастырып жүріпті.

Тоқшылықта өмір сүрген Тұрысбеков қара жұмыстан да еш қашпаған. Бұл туралы оның туысы Сәкен Аманов аймақтағы NUR.KZ тілшісіне айтып берді.

Алғашында сұхбат беруге аса құлшынбаған туысы ол кісі туралы көп мәлімет білмейтінін айтты. Дегенмен әңгіме барысында балалық шағындағы естеліктерін жайып салды.

Айта кетейік, Зауытбек Тұрысбеков 1951 жылы ОҚО, Түлкібас ауданы, Састөбе ауылында дүниеге келген. Оның есімінің тарихы тереңде. Ұлы өмірге келгенде әкесі Қауысбек аталған ауылдағы цемент зауыттың басшысы қызметінде еді. Сол себептен ұлына «Зауытбек» есімін беруді жөн санапты.

Бүгінде «Нұр Отан» партиясында хатшылық қызметте жүрген Тұрысбеков Ресей, Молдова, Украина, Өзбекстан секілді елдерде елші, ОҚО әкімі міндетін де атқарды.

Оңтүстік Қазақстан облысының экс-әкімі Зауытбек Қауысбекұлы Састөбедегі мектепте орыс сыныбында білім алған. Ал әкесінің туып-өскен ауылы Жиынбайға келгенде ол бір ауыз орысша сөйлемеуге тырысыпты. Туыс інісінің айтуынша, тек қазақ тілінде сөйлесіп, қарапайым ғана ауылдың балаларынан ерекшелігі болмаған.

«Зауытбек менен алты жас үлкен. Жиынбайға демалыс сайын міндетті түрде келіп тұратын. Бала күнінен өте ақжарқын, бауырмашыл болған. Өтірікті жаны сүймейтін. Аяқтарына тікен кірсе де ойнауды жалғастыра беретін ол ұйымдастырушылық жағына келгенде көшбасшы еді. Асық ойнап, доп тепкен», - деп әңгімесін бастады Тұрысбековтің туысы. Сондай-ақ, экс-министр ауыл балаларымен бірге тау-тасты жағалап, ағашта жасалған қарулармен атысқан.

«Зауытбек өте бақуатты отбасыдан шыққан ғой. Бірақ, соған қарамастан көкірегін ешқашан кермейтін. Қара жұмыстан еш қашпайтын. Біздің үй 1965 жылы салынған болатын. Сол кезде аулада жұмысшылар қыш құйған еді. Біздің апамыз көже дайындап қоятын. Соны сіміріп алып, Зауытбек бәріміз жарыса жүріп таситынбыз. Ол кісі әлі күнге дейін өте еңбекқор. Жұмыссыздарды көрсе, онысы дұрыс емес екенін айтып жүреді»,-деді Сәкен Аманов.

Зауытбек Тұрысбеков одан өзге спортқа жақын болып өскен. Сондықтан да болар, толық адамдарды көрсе, ұнатпайды екен. Ал үлкендерге деген құрмет тым ерекше. Әлі күнге дейін ауылына келіп, қариялардың басын қосып, солардың әңгімесін тыңдаудан еш жалықпайды.

 

Ауылы демекші, әкесі туып-өскен ауылға бүгінде жылына екі рет келіп, құдайы тамақ беріп кету – Тұрысбеков үшін дәстүрге айналған. Ара-тұра туыстарына да қол ұшын беріп тұратын ол қара шаңырақтағы (әкесі өскен үй) көненің көзі болған заттарды жаңартып беріпті.

Ішкі істер министрі болған Тұрысбеков бала кезінен төбелестен жанын аулақ ұстап өсіпті. Қандай да бір кикілжің немесе ұрыс болса, дипломатиялық жолмен шешуді құпкөрген екен. Жанжалды қалжыңға айналдырып, мәселені бейбіт жолмен шешіп жүріпті.

Зауытбек Қауысбекұлы отбасында екінші перзент. Алдында Балақыз есімді әпкесі мен Әлия, Камила, Ләззат есімді үш қарындасы бар. Тек кіші қарындасы Ләззат бүгінде бақилық болып кеткен.

Тұрысбековтер әулеті ОҚО-да танымал отбасылардың бірі. Зауытбек Қауысбекұлы жары Алма Тілеубергенова екеуі үш перзентті тәрбиелеп өсірген. Үлкен ұлы Асқар Тұрысбеков - оңтүстікке танымал кәсіпкер. Ол профессор Тыныбек Қалменовтің қызын алған. Шымкент қаласының қазіргі әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен туған бажа.

«Асқар келінді Жиынбайға алып келді. Беташар қара шаңырақта өтті. Келіннің бетін өзім ашқанмын», - деп ағынан жарылды туысы. Айтпақшы, Зауытбек Тұрысбеков 2000-2003 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болды. Ал 2001-2003 жылдары Шымкенттің бүгінгі әкімі Әбдірахымов Тұрысбековтың орынбасары қызметін атқарды.

2003 жылы Тұрысбеков ҚР ІІМ болып тағайындалып, оның орнына Ғабидолла Әбдірахымов агенттікке төрағалық етті. 2005 жылы Зауытбек Қауысбекұлы агенттікке қайтадан басшы болып барды. Ол кезде қазіргі Шымкент әкімі оның бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Зауытбектің қызы Айнұр алғашында ішкі істер органын таңдаған. Кейін сән әлемін қолға алды. Туысы Сәкен Амановтың сөзіне сенсек, бүгінде оның Франция елінде кәсібі бар. Ал кенжесі Тимур өнер жолында.

Зауытбек Қауысбекұлының есімі аты шулы «Шымкентская мафия» және «Ордалы жылан» кітаптарында жиі айтылады. Қос туындының авторы Теміртас Тілеулесов онда Оңтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар шенеуніктердің былықтары туралы жазған. Кітап 90-шы жылдардың соңына қарай жарыққа шыққан. Ал 1993-1997 жылдар аралығында ОҚО-ға Зауытбек Тұрысбеков басшы болды.

Айта кетерлігі, Оңтүстік Қазақстан облысында Зауытбек Тұрысбековтің әкесінің атында ауылдық округ, көше және цемент зауыты бар. Одан өзге Түлкібастағы Жиынбай ауылында бабаларының аты берілген үлкен мешіт жұмыс істеп тұр. Екінші Алла үйінің салынуына Зауытбек Қауысбекұлының септігі тиген.

Бүгінде мешіт туыс інісі Сәкен Амановтың бақылауына берілген. Айтуынша, ол апта сайын Тұрысбековтің анасына (автор: Шымкентке) барып, есеп беріп отырады.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар NUR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақ боксшыларының Олимпиададағы алғашқы қарсыластары анықталды

Шенеуніктердің миллионер ұл-қыздары елге бір тиын да салық төлемейді

Ерке Есмахан өзін «Мона Лизаға» теңеп, ел назарына ілікті

Еліміздегі қазақ тілінде еркін сөйлейтін танымал өзге ұлт өкілдері (фото, видео)

Аздап салмақ қосқан Мөлдір Әуелбекованы жұрт аяғы ауыр деп болжады (фото)

Күйеуіңіздің көзіңізге шөп салып жүргенін қалай байқауға болады?

Сіздің реакцияңыз
48
9
2
7
0
64
10
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel