RU
Аиша күйеуі Бүркіт сыйлаған гаухар жүзігін көрсетіп мақтанды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Аиша күйеуі Бүркіт сыйлаған гаухар жүзігін көрсетіп мақтанды (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүркіт Аишаға гаухар тасты жүзік тарту етті. Бұл туралы Аиша мен Бүркіт әлеуметтік желідегі парақшаларында бірінен соң бірі бөлісті, деп жазады NUR.KZ.

Қазақ эстрадасындағы әдемі жұптардың бірі ретінде ел көзайымына айналған жұп күнделікті бақытты отбасылық өмірдің бір үзігін парақшаларына салып отырады. Әдепкі әдеттері бойынша олар бүгін тағы да бір-біріне деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.

«Кеше күйеуім маған жүзік сыйлады», - деп мақтанды Аиша. Сонымен бірге, ол жазбаны Марианна Полонскиден келтірген: «Әдемі болу – әйелдің міндеті. Әйел бойына қуатты әдемі алқалардан, жарасымды киім кию, сұлулық салондарына бару, косметика қолдану арқылы жинайды», - деген дәйексөзімен толықтырды.

Ал Бүркіт болса, парақшасына жарының суретін салып: «Гаухар тастар, гаухар тастар, гаухар тастар», - деп жазды.

Бұл жаңалыққа қатысты желіқолданушылары да үнсіз қалмады. «Аиша да гаухар тасты жүзік те керемет!», «Бақытты әйел», «Сіз сондай сүйкімдісіз», - деп жазды олар.

Бірақ, жұптың бұл жазбасына сын айтып, көрінгенді жазып мақтана беру дұрыс емес екенін жазғандар да табылды.

«Одан кімге, немен көмек бергендерін жазбай ма? Олар сонда өсіп келе жатқан жастарға үлгі болар еді», «Гаухар тас – бұл тек тас қой, мақтануға тұрмайтын нәрсе», - деді сын айтушылар.

Тағы да оқыңыздар: 

Ауылға әкесінің атын беріп, мешіт салдырған Зауытбек Тұрысбеков туралы не білеміз? (фото)

Қазақ боксшыларының Олимпиададағы алғашқы қарсыластары анықталды

Елімізде жетінші тамыздан бастап дизель отыны қымбаттауы мүмкін

Олимпиадаға қатысатын ең бай спортшылар кімдер?

Сириялық босқын қыз Германияда сұлулық ханшайымы атанды (фото)

Сіздің реакцияңыз
14
12
2
5
0
34
8
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel