RU
Бір айлығында америкалықтар асырап алған қазақ жігіті елге оралуды армандап жүр

Бір айлығында америкалықтар асырап алған қазақ жігіті елге оралуды армандап жүр

Рассказать Вконтакте

Бір айлығында америкалық отбасы асырап алған қазақ баласы тезірек атамекеніне келуді армандап жүр. Ол қазақша үйреніп, туған жеріне келуді мақсат еткен.

Бұл туралы Замана басылымы жазады.

АҚШ-тың Миссури штатында өмір сүріп жатқан Джордан Голдман (қазақша аты-жөні – Рустам Шәкенов) Facebook-тегі  парақшасына Жұбан Молдағалиевтың «Мен – қазақпын» деген өлеңінің алғашқы шумағын жариялапты.

Ал Instagram желісіндегі статусына "Сабыр түбі – сары алтын" деген мақалды жазып қойған. Назарларыңызға Рустамның сұхбатын еш өзгертпестен ұсынуды жөн көріп отырмыз.

- Мен қазақ болып туылғаныма мақтанамын. Ал «Сабыр түбі – сары алтын» деуімнің сыры, мен сабыр етсем, туған елімді көретін күн де алыс емес шығар деп үміттенемін. Ата-анам мені бір айлығымда Қазақстаннан асырап алған екен. Көкшетаудың тумасымын, өзімді Кіші жүздің баласы шығармын деп топшылаймын. Жалпы, ата-анам менің қазақ екенімді, Қазақстаннан әкелгендерін кішкентай күнімнен айтатын. Бөлмеме Қазақстанның туын іліп қойғанмын. Ата-анам оны Алматыдан алғандарын айтады, мені әкелер кезде алған болса керек. Себебі олар Қазақстанға тек бір ғана рет, мені әкелген кездерінде ғана барған", - дейді Джордан.

15-16 жасымнан өзімнің елім, жерім, ұлтым туралы оқып, іздене бастадым. АҚШ-та қазақтар көп деп естимін, бірақ маған жақын жерде жоқ. Интернет арқылы танысқан калифорниялық қазақ достарым бар. Менің туған елім, жерім қандай екен, тезірек көргім келеді. Сол үшін қазақша сөйлеуді де үйреніп жүрмін. Қазақтың тағамдарының дәмін татып көрген емеспін, бауырсақ, манты жеп, қымыз ішкім келеді. Қазақтың қызына үйленуді армандаймын.

Менің есімімді биологиялық ата-анам Рустам деп қойыпты. Бірақ мен оны Рүстем деп өзгерткім келеді. Себебі Рустам деген есім қазақшадан гөрі түрікшеге көбірек ұқсайды. Сонымен қатар фамилиямдағы «ов» деген орысша жалғауды алып тастағым келеді. Шынын айтқанда, Шәкенов деген менің шын фамилиям ба, жоқ па, оны да анық білмеймін. Егер өзімді өмірге әкелген ата-анамды таба алатын болсам, бәрі анықтала жатар деп үміттенемін, - дейді

Жалпы, Джордан Голдман отбасында екінші перзент екен. Өзінен тоғыз жас үлкен әпкесі бүгінде тұрмыста, бір қызы бар. Джорданның жасы 18-де, ол Мехлвилле мемлекеттік жоғары мектебінде тәлім алыпты. Онда 2000-дай жеткіншек білім алады.

Негізі АҚШ-та ақылы түрде оқытатын, мемлекеттік емес мектептер де бар. Онда жеткіншектер мектепте оқып жүріп те жұмыс істей беруіне болады. Джордан да 14-15 жасынан жұмыс істей бастаған. Ең алғаш ол ыдыс жуушы болған, одан кейін киім сататын дүкенде сатушы болыпты. Ал қазір бір мекемеде консьерж болып жұмыс істейді. Яғни оның қызметіне телефон қоңырауларына жауап беру, керекті мекен-жайларды тауып беру сияқты қызметтер кіреді.

Джорданның айтуынша, АҚШ-та жоғары оқу орындарының ақысы өте қымбат. Ол Калифорниядағы колледжге оқуға түсетінін айтады. Бірақ қай салада жұмыс істейтінін әлі жоспарла­маған секілді.

Джорданның Қазақстанға келгісі, елін тезірек көргісі келеді екен. Тіпті жолкіреге жұмсалатын ақшасын да жинап қойыпты. Туған елін көруіне әке-шешесі де қарсы емес екен. Тек биыл сәті түспейтінін, себебі алдағы уақыттарда әкесімен бірге бір жұмыс­тармен Флорида штаты мен Лондонға баратын көрінеді.

Тағы да оқыңыздар: 

Ауылға әкесінің атын беріп, мешіт салдырған Зауытбек Тұрысбеков туралы не білеміз? (фото)

Қазақ боксшыларының Олимпиададағы алғашқы қарсыластары анықталды

Елімізде жетінші тамыздан бастап дизель отыны қымбаттауы мүмкін

Олимпиадаға қатысатын ең бай спортшылар кімдер?

Сириялық босқын қыз Германияда сұлулық ханшайымы атанды (фото)

Аиша күйеуі Бүркіт сыйлаған гаухар жүзігін көрсетіп мақтанды (фото)

Сіздің реакцияңыз
8
5
4
23
0
325
22
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel