RU

Ақтөбеде 3 жыл бойы алимент төлеуден жалтарған әке қамауға алынды

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында үш жылдан бері алимент төлемей келген әке 5 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жазаға тартылды.

Бұл жөнінде  Керек. info газетіне Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының қызметкері Гүлім Жаңғылышева айтты.

2013 жылы Шалқар аудандық соты Мұғалжар ауданы Қайыңды ауылының 32 жастағы тұрғынын алимент төлеуге міндеттеген. Алайда ол сот бұйрығын орындамаған.

Мемлекеттік сот орындаушысының қаулысына сәйкес, сотталушы үш жылдың ішінде әйеліне 815 мың теңге берешек болған. Тұрақты жұмыс та істемейді.

Сот шешімімен мұғалжарлық азамат кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Тағы да оқыңыздар:

Елдос Сметов Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Қазақстан қоржынына Олимпиададағы алғашқы жүлде түсті (фото)

Қазақстан құрамасы Олимпиадада бір боксшысынан айырылды

Америкалық бойжеткен қазақ тіліндегі ең ұзын сөзді мүдірмей айтып шықты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1212621-aqtobe-oblysynda-3-zhyl-boyy-alimentten.html